☀️
2°C
Қонаев
Жұма, Қараша 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    АҚ КҮРІШ – ЕЛ ЫРЫСЫ

    04.11.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    АҚ КҮРІШ – ЕЛ ЫРЫСЫ
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

        Қоңыр салқын күз басталғалы бері өңір диқандары күріш ору науқанына жаппай кірісіп, жылдағы дәстүр бойынша қарқынды жұмыс атқаруда.

    Балқаш аудандық ауыл шаруашы­лығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл өңірде 27163,4 мың гектар суармалы жерге егін егілген. Дәнді дақылдар сіңірілген 13036,5 га егіс алқабының 5318,0 гектарына арпа-бидай, 7718,5 гектар жерге күріш дақылы себілген. Ал көкөніс және бақша дақылдары 65,4 гектарға отырғызылған. Қысқы мал азығын дайындау мақсатында 13606,5 гектар жерге көпжылдық және 250 гектарға біржылдық шөп, 205 гектарға сүрлемдік жүгері егілген.
    Шөп ору науқанында қысқы мал азығына қажетті 160,9 мың тонна шөп, 43,3 мың тонна пішендеме, 33,2 мың тонна сабан, 41,8 мың тонна жем және 85,1 мың тонна сүрлем әзірленген. Сонымен қатар арпа-бидай ору науқанында 5318 гектар жерге егілген дәнді дақылдардан орташа өнімділік гектарына 18,0 центнерден айналған, яғни 9572,4 тонна астық қамбаға жеткізілген.
    Қазіргі таңда күріш ору науқанын қарқынды жүргізіп жатқан диқандар қауымы егілген егістіктің 7290,0 гектарын шауып, 6746,0 гектарын бастырып үлгерді. Орташа өнімділік әзірше гектарына 41,8 центнерден айналуда.
    Күріш – ырысты Балқаш өңірінің берекесі. Дала төсін дүбірге бөлеп, еңбектің қара қазанын қайнатып жатқан диқаншылардың бүгінгі жағдайын көзбен көру мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бүркіт Мұқановпен бірге аудан іргесінде орналасқан «Бауыржан-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы бардық.
    Біз атбасын бұрған шаруашылықтың басшысы Талғат Сұлтанов ерте көктемде шаруашылыққа тиесілі 730 гектар суармалы егіс алқабының 247 гектарына күріш, 205 гектар жерге бидай және 278 гектарға көпжылдық шөп еккен. Бүгінгі таңда күріш орағын толыққанды аяқтап, 110 гектарын бастырған. Күріш дақылының әр гектарынан 40 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Ақ күрішті ысырапсыз жинап алуды басты мақсат еткен шаруашылық егін оруға екі комбайн, астық тасымалдауға бір «КамАЗ» көлігін, екі «МТЗ-80» және бір «МТЗ-1221» тракторын жұмылдырған.
    Өңірдегі алдыңғы қатарда тұрған «Бауыржан-7» ЖШС-ның егіс алқабындағы жұмыстармен жіті танысқаннан кейін аталмыш шаруашылықтың қырманына да атбасын бұрып, ол жердегі қарбалас жұмысты көзбен көрдік. Егіс алқабынан күнделікті жеткізіліп жатқан күріш дақылын шаң-тозаңнан тазалап, бітік дәнді қоймаларға жинастырып жүрген қырман операторы Абзал Құлынбетов өз жұмысын жанын сала атқаруда. Біз де күн-түн демей тоқтаусыз тер төгіп жатқан диқандар қауымының еселі еңбегі жемісті болуын тіледік.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Алатаулықтар алғысы

    Алатаулықтар алғысы

    7 months ago
    Халықтық штаб Гүлдала ауылының тұрғындарымен кездесті

    Халықтық штаб Гүлдала ауылының тұрғындарымен кездесті

    1 year ago
    Ақтаңдақ жылдар ақиқаты

    Ақтаңдақ жылдар ақиқаты

    2 years ago
    Ынтымақтастық  нығаяды

    Ынтымақтастық нығаяды

    9 months ago
    Ұлыс тойы ұлықталды

    Ұлыс тойы ұлықталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>