🌧️
4°C
Қонаев
Сейсенбі, Қараша 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Абайлаған апатқа ұрынбайды

    04.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік
    Абайлаған апатқа ұрынбайды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Жол қауіпсіздігіне жіті көңіл бөлу, жол ережесін мұқият сақтау – әлемде, соның ішінде біздің елімізде де өте өзекті мәселе. Жыл өткен сайын автокөліктер санының артуы да қиындықтар туғыз­бай қоймайды. Сондықтан жүргізуші жауапкершілігін арттыруға еселеп мән беруге тура келеді.

    Елімізде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тиісті іс-шаралар жүргізілгенімен, жол апаты азаймай тұр. Әсіресе, жол-көлік оқиғасы Алматы қаласы мен Алматы облысында көп тіркелген. Ресми мәліметке сүйенсек, 2025 жылдың 9 айында Алматы қаласында – 6741, Алматы облысында – 4224, Жамбыл облысында – 2395, Ақтөбе облысын­да – 2224 , Атырау облысында 1963 жол апаты орын алған. Өңірлер бойынша жолдарды сапалы жөндеу, қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігі уақыт өткен сайын айқын сезіле бастады.
    Жол апатына жылдамдықты асыру, қауіп­сіздік белдігін тақпау, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің ережені сақтамауы, жол жағдайының нашарлығы, көлікті басқару кезінде мас күйінде болу немесе смартфон қолдану сияқты жағдайлар себеп болуда. Осы факторлар апат қаупін едәуір арттырады.
    ДДҰ-ның мәліметі бойынша жыл сайын шамамен 1,19 миллион адам жол-көлік оқиғасының құрбаны болады екен. Оған адамзаттық ұйымдардың алаңдағаны бекер емес. Жол қауіпсіздігі бойынша әлемде түрлі елдердің тәжірибесі бар. Олар өздерінің жүйелі шаралары арқылы жолдағы қауіпті айтарлықтай төмендеткен. Бұл инфрақұрылым, бақылау және жүргізушілер мен жолаушылардың тәртібін өзгерту арқылы мүмкін болған. Қауіп­сіздіктін жүйелі түрде жақсартқан елдер жол инфрақұрылымын, жылдамдық шектеулерін, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін және көлік құралдарының қорғанысын күшейткен. Бұл шаралар жол апатынан болатын өлім мен жарақаттың төмендеуіне әсер еткен.
    Мамандардың айтуынша, қарапайым қауіпсіз­дік талаптарын орындау апаттың алдын алуға мүм­кіндік береді. Мәселен, белдік тағуды ұмытпау, жылдамдықты белгілі шектен асырмау, телефонға алаңдамау және рөлге мас күйінде отырмау – өмірді сақтайтын маңызды қағидалар. Жолдағы мәдениетті қалыптастыру – әр жүргізуші мен жаяу жүргіншінің айнымас борышы. Өмір – баға жетпес қазына. Өйткені әрбір саналы қадам, әрбір сақтық шарасы бір өмірді сақтап қалуы мүмкін. Осыны естен шығармаған абзал. Абайлаған апаттың алдын алады. Қауіпсіздік ережесін сақтау өз өміріңді ғана емес, өзгенің де өмірін қорғау екенін естен шығармайық!

    Тоғжан Жолдығали

    Ұсынымдар

    Терең өңдеу табысқа бастайды

    Терең өңдеу табысқа бастайды

    11 months ago
    Шалкөде жайлауының «Шопандар тойы»

    Шалкөде жайлауының «Шопандар тойы»

    1 year ago
    Қылқаламнан қуат алған

    Қылқаламнан қуат алған

    3 weeks ago
    Шеңгелдіге газ тарту жобасы дайындалуда

    Шеңгелдіге газ тарту жобасы дайындалуда

    3 months ago
    Жартыжылдық қорытынды: Қонаевта 86 жаңа тұрғын үй бой көтеруде

    Жартыжылдық қорытынды: Қонаевта 86 жаңа тұрғын үй бой көтеруде

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>