⛅
1°C
Қонаев
Жұма, Желтоқсан 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарадалада дүбірлі той

    18.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мерейтой
    Қарадалада дүбірлі той
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Қасиетті Қарадала топырағында дүбірлі той басталды. Ұйғыр ауданының 90 жылдығы бір аптаға созылып, түрлі мәдени, спорттық, салтанатты іс-шаралар мен көрмелер ұйымдастырылады. Мерей­тойдың басты мақсаты – өңірдің тарихын, мәдениетін насихат­тау, жерлестердің жетістіктерін дәріптеу және жас ұрпақты туған жерге деген сүйіспен­шілікке баулу.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Туған жерге туыңды тік» дейді халқы­мыз. Өте мағыналы өсиет. Жас ұрпақ бұл сөздің мән-мағынасына терең бойлауы қажет. Қазақстан – барша азаматтың ортақ Отаны, қастерлі мекені. Оның қай түкпірі де – біздің туған жеріміз. Жастар еліміздің барлық аймағын бірдей жақсы көріп, тұтас еліміздің дамуына үлес қосқаны абзал», – деген еді. Ел Президентінің «Туған жерге туыңды тік» бастамасы аясында өңірімізде көптеген жоба жүзеге асып келеді. Мерей­той аясында ауданға еліміздің әр саласында табысты еңбек етіп жүрген, Қарадаладан түлеп ұшқан азаматтар туған жерге атбасын бұрып, қуанышқа ортақтасады.

    Осы ауқымды шаралар арқылы Қарадала жұртшылығы өз тарихына, мәдени мұрасына және туған жеріне деген құрметін көрсетіп қана қой­май, болашақ ұрпаққа ұлттық рухты, патриотизмді дәріптеуді мақсат етеді. Мерейтойдың басты идеясы – бірлік пен ынтымақты, туған жерге деген сүйіспеншілікті бойына сіңірген жаңа буын тәрбиелеу.
    Мерейтойдың алғашқы күні білім мен ғылым саласына арналды. «Білімді ұрпақ – кемел келешектің кепілі» тақырыбында өткен пленар­лық форум аясында ауданымыздан шыққан ғалымдар бас қосты. Әр салада еліміздің дамуына үлес қосып жүрген ғалымдар жас ұрпақ тәрбиесі мен ғылым саласының дамуындағы жасанды интеллектінің маңызы мен мәнін кеңінен түсіндірді. Келелі ой, сарапты пікірлер ортаға салынды.
    Алдағы күндері «Руханият – ұлттың өзегі» тақырыбында мәдениет пен әдебиет күні, «Салауатты өмір – жарқын болашаққа нық қадам» тақырыбында спорт пен денсаулық күні, «Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының өзегі» тақырыбында ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлер күні өтеді. Ауданның барлық саласын­дағы қол жеткен жетістіктер мен жарқын істердің қорытындысы соңғы күнгі «Бірлік пен даму» форумы аясында қорытындыланбақ. Осылайша тарихтың өзі таңбалаған тоқсан жылдықтың мерейіне апта бойы әр саланы қамтитын форумдар мен танымдық шаралар, концерттер мен кездесулер өткізілмек.
    Шара аясында осы өңірден қанат қаққан жерлестеріміз ауданымызға келіп, өз үлесін қосуға және туған өлкесін жан-жақты қол­дауды, ауданымыздың жарқын болашағына қызмет етуді қолға алмақ. Үйсін­таудың етегіндегі қасиетті Қарада­ланың құшағындағы бірлік пен татулықтың мекеніне айналған ауданның 90 жылдығы осылайша рухани даму мен бірліктің тойы ретінде аталып өтеді.

    Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Тіл үйренудегі тиімді тәсіл

    Тіл үйренудегі тиімді тәсіл

    4 months ago
    Облыс әкімі ардагерлерді Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

    Облыс әкімі ардагерлерді Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

    7 months ago
    Су ресурстары және ирригация министрі тағайындалды

    Су ресурстары және ирригация министрі тағайындалды

    2 years ago
    Жаңашылдыққа жол ашады

    Жаңашылдыққа жол ашады

    10 months ago
    ПОВЫСИТЬ СТАВКУ НДС РЕКОМЕНДУЮТ КАЗАХСТАНУ АНАЛИТИКИ ВСЕМИРНОГО БАНКА

    ПОВЫСИТЬ СТАВКУ НДС РЕКОМЕНДУЮТ КАЗАХСТАНУ АНАЛИТИКИ ВСЕМИРНОГО БАНКА

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>