⛅
12°C
Қонаев
Жұма, Қараша 28, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Саябаққа көшет отырғызылды

    22.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Саябаққа  көшет отырғызылды
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

         «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Балқаш ауданы Бақбақты ауылының орталығындағы Алтынбай Сәтбаев атындағы саябаққа 100 шырша, 100 ақ қайың және 100 түрлі басқа да ағаш көшеттері отырғызылды.

    Ауыл тұрғындарының демеушілігімен ұйымдастырылған іс-шара барысында жастар ерекше белсенділік танытты. Осы орайда Балқаш ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, ардагердің ұрпағы Сапарғали Сәтбаев аталмыш саябақтың абаттануына қолдау көрсеткен ауыл тұрғындарына ризашылығын білдіріп, ағаш көшеттерін отырғызуға атсалысқан жас буын өкілдеріне «Жұлдыздарың жарық болсын!» деген ақ батасын берді.
    Сенбілік соңында ауыл әкімі Ермек Өнербеков: «Ауылдың болашағы –бүгінгі жастардың қолында. Осындай игі шараларға үнемі атсалысып, ауылды көркейту жұмысын бірлесіп атқарайық», – дей келе, акцияға белсене қатысқан жастарға алғысын жеткізді.
    Саябақта алуан түрлі ағаш пен көздің жауын алатын гүлдер жайқалып өссе, ауыл көркін ажарландыра түседі. Мұнда келген адамдар таза ауада еркін тыныстап, көтеріңкі көңіл-күйде демалып қайтады. Аталмыш саябаққа жуырда соғыс және еңбек ардагері Алтынбай Сәтбаевтың есімі берілгелі бері бұл жер ардагер ұрпағының қолға алуымен гүлденіп келеді. Оған нақты дәлел акция аясындағы осындай іс-шаралар десек болады.
    «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бақбақтылықтардың бұл қолға алған жұмысы – ауыл тұрғындарының ауызбіршілігінің арқасында жүзеге асқан игі бастама. Акция аясында атқарылған бұл іс өзгелерге үлгі боларлық.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Әр азаматтың даусы маңызды

    Әр азаматтың даусы маңызды

    1 year ago
    Алматы облысында демалыс аймақтары тексерілді

    Су айдындарында қайғылы жағдайлар азайды

    1 year ago
    Талай адамның өмірін ұзартты

    Талай адамның өмірін ұзартты

    10 months ago
    «Асыл армандағы» арманға айналған мектеп

    «Асыл армандағы» арманға айналған мектеп

    2 years ago
    Ақын мұрасы – рухани қазына

    Ақын мұрасы – рухани қазына

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>