-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Парламент депутаттары болашақ серіктес қалалардағы әлеуметтік мәселелерді қозғады

    05.07.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Құқық-заң, Өңір тынысы, Парламент, Үкімет, Энергетика
    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Облыс орталығы мәртебесі берілгеннен бері Қонаев қаласында құрылыс қарқыны үдей түскен еді. Ендігі жерде қарқынға қарқын қосылып, соны екпінге ие болмақ. Осы аптада қалаға Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының келуіне орайластыра отырып, «G4 CITY» жобасының таныстырылымы өткізілді.

    Жобаның авторы «Саѕріап Group» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Юрий Цхайдың мәлімдеуіне қарағанда, төрт қала салу жоспарланған. Жоба бойынша бекітілген «Gate District», «Golden Distriсt», «Groving District» және «Green Distriсt» деген төрт атауға ие, келешекте Алматы қаласының агломерациясына айналатын жоба расында да таңдай қақтырарлық.

    Түсіндірме барысында әр қалаға қойылған шетелдік атауларға әуелде үрке қарағанымыз рас. Алайда Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаевтың халықтың көкейінде тұрған «бұл атауларды қазақшалауға болмады ма?» деген сауалына жоба авторы қойылған атаулардың уақытша атаулар екендігін айтты. Сондайақ, Сенат депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев «аталған қалалар салынатын аумақтың ішінде қалатын елдімекен халқының жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік нысандардың салынуы, жалпы әл-ауқат мәселелері назардан тыс қалып қоймай ма» деген сынды сұрақтар қойған еді. Жоба жетекшілері бұл мәселелердің барлығы да ескерілгенін атап көрсетті.

    Өз кезегінде сөз алған «Khan Tengri Development LTD» ЖШС бас директоры В. Ли мырза аталған төрт қаланың салынуы мен жабдықталып-жарақтандырылуын шағындап жасалған нобай бойынша көрнекі түрде кеңінен түсіндірді.

    Қала агломерациясы – елді мекендердің жинақталған аумақтық тобы, басты белгісі – негізінен қалалық мекендердің, кейбір жерлерінде белсенді өндірістік, көліктік және мәдени байланыстармен күрделі көпкомпонентті динамикалық жүйеге біріккен аймақтық топ. Қала агломерациясының пайда болуы – урбандалудың бір сатысы .

    Сөз болып отырған жобаның Іле және Талғар аудандарының аумағы бойынша қамтитын көлемі 118 600 гектар жер. Бір шеті сонау Алматының 1 – Алматы және Бірінші май бөліктерінен бастау алатын қалалар тобын 2050 жылы салып бітіру жоспарланған. Алғашқы ғимараттар 2023-2025 жылдардың аралығында пайдалануға беріледі деп көзделіп отыр. Жобаға Сингапур, Оңтүстік Корея сияқты елдерден әлемнің 40 елінде 300 жобаны жүзеге асырған инвесторлар қосылып отыр. Бұл аумақты электр қуатымен қамтамасыз етуге күн-жел қуатымен жарықтандыру жүйесі қолданылатын болады.

    Аталған жобаның жүзеге асуына Алматы облысын аралауға келген депутаттар да өз тараптарынан ықпал етіп, құжат-келісімшарт мәселелерінде жәрдем беретін болып уәде берді.

    Бейбіт Мекеев

    Ұсынымдар

    АЭС-тің артықшылығы басым – ядролық физика маманы

    АЭС-тің артықшылығы басым – ядролық физика маманы

    10 months ago
    Тілшілер Жамбыл ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

    Тілшілер Жамбыл ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

    2 years ago
    Алматы облысында тұңғыш рет IT-жобалар конкурсы өтті

    Алматы облысында тұңғыш рет IT-жобалар конкурсы өтті

    2 years ago
    Ардагерлерді құттықтады

    Ардагерлерді құттықтады

    1 year ago
    Көршілерімізді арзан дизельмен “асырап” келеміз

    Қолдан жанармай тапшылығын болдырмау үшін мұнай базалары тексеріледі

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>