⛅
-0°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Назардан тыс қалмайды

    25.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат
    Назардан тыс қалмайды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Балқаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының актив отырысы өтті. Келелі жиынға облыстық филиал төрағасы Қуат Байғожаев, облыстық мәслихат жанындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Ләззат Тұрлашов және облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Амангелді Сембаев, аудан әкімі Азат Құтпанбетов, «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Марат Ноғайбай, мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, мекеме-ұйымдардың басшылары қатысты.

    Актив отырысында алғашқы сөз кезегі «AMANAT» партиясы атынан сайланған аудан әкімі Азат Үкітайұлына беріліп, Балқаш ауданына қатысты 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндады.
    Жиынға қатысушылар аталған бағдарламаны жүйелі түрде іске асыру үшін әр жобаға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары бекітілгенін атап өтті. Олар ауыл тұрғындарының алдында айтылған әрбір сөз бен берілген уәде міндетті түрде орындалуы тиіс екенін жеткізді. Барлық ұсыныс-пікірлер назарға алынып, оларды дер кезінде шешу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ мемлекет тарапынан бөлінген қаражатты тиімді пайдалану мәселесі талқыланды.
    Келесі кезекте «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Марат Ноғайбай биылғы 10 айда атқарған жұмыстарға тоқталды. Бұдан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, «Бірлік» кәсіподақ ұйымының төрағасы Сайран Смағұлов, аудандық мәслихат депутаттары Бақытжан Өксікбаев пен Ғалымбек Әбдіқұлов сөз кезегін алып, ауданның тыныс-тіршілігі жайында өзекті мәселелерді көтерді.
    Жиын соңында Ауыл шаруа­шылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай «AMANAT» партиясының даму бағытын қолдап, игі бастамалардың жүзеге асуына белсене атсалысқан, еліміздің өркендеуіне және агроөнеркәсіп саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен қажырлы еңбегі үшін «Бірлік» ЖШС директоры Алмас Қыстаубаев пен аудандық мәслихат депутаты Ғалымбек Әбдіқұловқа «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің Алғыс хаты табысталды.
    Актив жиыны аяқталғаннан кейін құрметті қонақтар аудан орталығында күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан М.Сеңгірбаев атындағы орта мектептің және Бақанас ауылы да бой көтерген аудандық тарихи-өлкетану музейінің, сондай-ақ аудан орталығынан салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын аралап, атқарылып жатқан істерді көзбен көрді.
    Жалпы елдегі ішкі ахуал, тұрақтылық пен әлеуметтік теңдік, сондай-ақ саяси жүйенің дамуы мен оң бағыттағы нық қадамдардың жасалуы – бәрі де ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелі болуына тікелей байланысты екені белгілі.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Ел тілегі ескерілсе

    Ел тілегі ескерілсе

    2 years ago
    Өнегелі өңірдің өрісі кең

    АТА ЗАҢ – ДЕМОКРАТИЯ ДІҢГЕГІ

    3 months ago
    Облысқа салынған инвестиция көлемі артты

    Облысқа салынған инвестиция көлемі артты

    2 years ago
    Сылбыр жұмыс балалардың бағын байлап тұр

    Сылбыр жұмыс балалардың бағын байлап тұр

    3 months ago
    Қала көркін аша түсті

    Қала көркін аша түсті

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>