⛅
3°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    «Аудан әкімдерін сайлау мәселесін әлі де зерделеу қажет – Мәжіліс депутаттары

    26.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Мемлекеттік қызмет, Парламент, Сайлау, Саясат
    «Аудан әкімдерін сайлау мәселесін әлі де зерделеу қажет – Мәжіліс депутаттары
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Мәжіліс депутаттары Ерлан Саиров пен Мархабат Жайымбетов аудан әкімдерінің сайлауын уақытша тоқтата тұруды ұсынды.

    Бұл туралы депутаттар Мәжілістің бүгінгі отырысында сөз қозғады. Атап айтқанда, Ерлан Саиров депутаттық сауалында еліміз соңғы 5 жылда айтарлықтай ірі қадамдар жасап, бүгінде әрбір жексенбі сайын ауыл, аудан, қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатқанын айтты. Алайда мәселенің пысықтайтын тұстары да бар.

    «Сайланып жатқан ауыл әкімдерінің құзыретін, олардың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігін әлі де реттеу қажет екеніне көзіміз жетіп отыр. Заң аясында ауыл әкімдерінің құзыретін әлі де кеңейтуіміз қажет. Төртінші бюджетті қалыптастыру тетіктерін заңмен пысықтауымыз тиіс», – деді депутат.

    Ерлан Саировтың айтуынша, еліміз бүгінде аудан, қала әкімдерін сайлаудың пилоттық жобасы бойынша 52 әкім сайланған. Бірақ бұл тәсілдің тиімділігі әлі де сараланбаған. Ол жетілдіруді талап етеді. Тіпті, сайланған аудан әкімдерінің арасында бір жылға жетпей жұмысынан кеткендер де бар деп сөзін жалғады депутат.

    Әріптесінің сөзін қолдаған Мархабат Жайымбетов өзі бұрын қала мен аудан әкімі болғандықтан бұл мәселемен жақсы таныс екенін айтты. Депутаттың айтуынша ол жақында ғана бірқатар ауданды аралап, елдің тыныс-тіршілігімен танысқан. Сапар барысында депутат аудан әкімдерін тікелей сайлау жүйесінің әлі де пысықтауды қажет екеніне көз жеткізген.

    «Ауданға бөлінетін қаржы мәселесін реттеуге тиіспіз. Ал аудан әкімдерінің құзыреті бойынша бірнеше маңызды заңға өзгеріс енгізу қажет. Мысалы, білім беру саласының шығыстары облыстық бюджетте, кірістері аудан бюджетінде қалады. Қазір аудан әкімдерінде құзырет аз, жауапкершілік көп. Білім, денсаулық ветеринария саласы, жұмыспен қамту орталықтары тіпті бағынбайды аудан әкіміне. Ең бастысы, ауыл әкімдерінің сайлауының бір 5 жылдық кезеңін күтіп, сайланған ауыл әкімдерінің тәжірибелі корпусын даярлау маңызды. Сонда ғана саяси, ең бастысы кәсіби кадрлар резерві қалыптасады. Сондықтан оған әзірше уақытша тоқтау қойып, жан-жақты пысықтағанымыз жөн», – деді ол.

    Бұған қоса, Ерлан Саиров аудан әкімдерінің сайлауына қыруар қаражат кететінін алға тартты.

    «Тек биылдың өзінде 6 аудан әкімі мен 1 облыстық маңызы бар қала әкімінің сайлауы өтті. Осының өзіне мемлекеттік бюджеттен 1 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалды», – деді депутат.

    Өз сөзінде ол ауылдық округ әкімдерінің сайлау жүйесін енгізу бес жыл бойы кезең-кезеңімен жүргізіліп келе жатқанын айтып, аудан әкімдерін сайлау мәселесінде жүйелі әрі жан-жақты зерделенген тәсіл қажет екеніне тоқталды.

    Бұл ретте Ерлан Саиров әлемдік тәжірибеге арқа сүйеген саяси сарапшылар мен мемлекеттік басқаруда тәжірибесі бар азаматтардың «аудан әкімдерін мәслихат депутаттары да сайлай алады» деген пікірін ортаға салды.

    Сондай-ақ, депутаттар осынау маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайтынына назар аударып, ұсыныстың сайлау процесін шектеуге емес, керісінше халықтың сайлауға деген сенімін арттыруға бағытталғанын еске салды.

    Сөз соңында қос депутат жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік қызмет, сайлау, өңірлерді дамыту туралы көптеген заңдарға қажетті нормаларды енгізгенше, аудан деңгейіндегі әкімдердің тікелей сайлауына тоқтата тұруды ұсынды.

    Ұсынымдар

    СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС

    СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС

    2 months ago
    Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

    Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

    11 months ago
    Сапалы білім мен ұлттық тәрбие – даму кепілі

    Білім беруде өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы – болашақтың бағдары

    2 years ago
    Әділдік жолында

    Әділдік жолында

    2 years ago
    Қауіпті анықтайтын көк код

    Қауіпті анықтайтын көк код

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>