[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жалыннан жасқанбаған

    29.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік
    Жалыннан жасқанбаған
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

        Қоғамда өрт сөндірушілердің орны қашанда ерек. Бүгінгі таңда бұл мамандықты өмір мұраты етіп таңдайтындар аз. Жастардың көпшілігі заман талабына сай, жаңа жұмыс түріне ағылады да жатады. Бұл да дұрыс шығар. Бірақ қиын сәтте адам жанын сақтап қалатын, сол жолда ешқандай кедергіге қарамай, өзгелердің өмірін өз амандығынан биік қоятын төтенше жағдай қызметкерлері адамзат үшін ауадай қажет екенін ұмытпаған абзал.

    Осы бір қауіпті де қатерлі саланы жанына серік ет­кендердің бірі – Асқар Ақылбек. Мектепті бітіре салысымен ол Алматыдағы Тұран университетінде төтенше жағдай саласында білім алады. Қазіргі таңда Қонаев қаласындағы өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеп жүр.
    «Адамдарға көмек көрсетіп, қоғам қауіпсіздігіне үлес қосу үшін осы мамандықты таңдадым. Біз үшін әр секунд шешуші рөл атқарады. Сондықтан жауап­кершілік пен батылдық басты қаруың болуы керек. Жастардың бұл мамандыққа келуі өте маңызды. Себебі заманауи техникамен жұмыс істей алатын, күш-жігері мықты, жаңа көзқарастағы мамандар қоғамға қажет.
    Қызмет барысында көп­теген жағдай болады. Қонаев қала­сындағы тұрғын үйдің бірінде шыққан өрт кезінде бір­неше адамды аман алып қалған кез есімде ерекше сақталыпты. Қауіпке қарамастан, командалық жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуының арқасында адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, өртті дер кезінде сөндіре алдық. Бұл оқиға маған мамандығымның маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.
    Өрт сөндірушілердің басты құндылығы – адам өмірінің амандығы. Кез келген төтенше жағдайда тез әрі дұрыс шешім қабылдай білуі керек. Себебі жауапкершілік сезімі бәрінен қымбат. Бұл мамандардың бойында батылдық, шыдамдылық, командамен жұмыс істей алу, физикалық және психологиялық төзімділік болуы қажет.
    Жас маман ретінде бұл салада жаңа технологияларды көбірек қолдануды, жабдықтарды жаңартуды және қызметкерлердің кәсіби даярлығын күшейтетін қосымша тренингтер ұйымдастырылуын қалар едім. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі жөнінде халыққа түсіндіру жұмысын көбейтуді дұрыс деп санаймын», – дейді Асқар Шыңғысбайұлы.
    «Апат айтып келмейді». Дер кезінде көрсетілген көмек хал үстіндегі адамның шырағын қайта жағып, өмірдің тәтті дәмін сезіндіреді. Сонда талай адамның көз жасы төгілмес еді, бүлдіршін қамқоршысынан, ата-ана перзентінен айырылып, зарлы жоқтау айтпас еді. Сондықтан да төтенше жағдай қызметкерлерінің жанкешті еңбегі құрметке лайық.

    Гүлзат АЗАТҚЫЗЫ
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Үкімет: Шаруаларға арналған дизель отыны әзірге қымбаттамайды

    Үкімет: Шаруаларға арналған дизель отыны әзірге қымбаттамайды

    3 years ago
    “Mecenat.kz” әдеби байқауына өтініш қабылдау басталды

    “Mecenat.kz” әдеби байқауына өтініш қабылдау басталды

    2 years ago
    Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін

    Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін

    1 year ago
    Америка мен Азия арасы: диалогтан дамуға!

    Америка мен Азия арасы: диалогтан дамуға!

    2 months ago
    Қоян-қолтық ұрыс спортынан облыс біріншілігі өтті

    Қоян-қолтық ұрыс спортынан облыс біріншілігі өтті

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>