⛅
23°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысының бірнеше ауданында салық мөлшерлемесі 2%-ға дейін төмендетілді

    01.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат, Партия, Экономика
    Алматы облысының бірнеше ауданында салық мөлшерлемесі 2%-ға дейін төмендетілді
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Алматы облысында арнайы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету мәселесі бойынша нақты шешімдер қабылданды. Бұл нәтижеге мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы фракциясының бастамасы және жүйелі жұмысы арқасында қол жеткізілді.

    Өңірдің бірнеше ауданында өткен мәслихат сессияларында кәсіпкерлердің салықтық жүктемесін азайту мәселесі қаралып, қолдау тапты. Нәтижесінде Жамбыл, Іле, Қарасай аудандарында және Қонаев қаласында ставка 4%-дан 2%-ға дейін төмендеді. Ал Еңбекшіқазақ, Талғар және Ұйғыр аудандарында мөлшерлеме 4%-дан 3%-ға азайтылды.

    «AMANAT» фракциясы бұл мәселені бірнеше ай бойы көтеріп, кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырып, олардың ұсыныстарын талдап, салықтық қысымды төмендету қажеттігін мәслихаттарға жүйелі түрде жеткізіп келген. Депутаттар бастаманы қолдап, тиісті шешім қабылдады.

    Жаңа мөлшерлемелер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгеріс шағын және микробизнес субъектілерінің шығындарын азайтып, айналым қаражатын арттыруға мүмкіндік береді.

    «AMANAT» партиясының өкілдері аталған шешім өңірдегі кәсіпкерлікті қолдауға, бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға және экономикалық белсенділікті арттыруға бағытталғанын атап өтті. Партия бұл жұмысты басқа өңірлерде де жалғастыруға ниетті.

    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
    13.04.2026
    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді
    13.04.2026
    Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
    13.04.2026
    Әуе толқынында – 60 жыл!
    12.04.2026
    Бүгін – Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні әрі Қаныш Сәтбаевтың туған күні
    12.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>