Субсидиялардың түрлеріне өтінімдер қабылдау бюджет қаражатының бар-жоғына қарамастан тиісті қағидалар мен қосымшаларға сәйкес өлшемшарттарда көзделген мерзімде ауыл шаруашылығы жануарларының тіркелген орны бойынша жүзеге асырылады.
Өтінімді қалыптастыруды және тіркеуді тауар өндіруші жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізеді:
Мәліметтерді енгізе отырып, өтінім қалыптастырады, сондай-ақ тиісті қағидалар мен қосымшада көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесін сканерлейді және қоса тіркейді;
ЭЦҚ қойылғаннан кейін өтінім ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) жеке кабинетінде қолжетімді болады. ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім келіп түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде деректердің және тиісті қағидалар мен қосымшаларда көрсетілген құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады. Сәйкес болған жағдайда, өтінім мақұлдануға жатады, ЖАО (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысының ЭЦҚ-сы қойылады және мақұлданған өтінімдер тізіміне (күту парағына) егізіледі, сондай-ақ ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) қағидалар қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау алуға арналған өтінімді қарау нәтижесі туралы хабарлама жібереді.
Өтінімдерді қарау және мақұлданған өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінімдерді тіркеу күні мен уақытына сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
Субсидия беруден бас тартылған жағдайда ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) тауар өндірушіге тиісті қағида мен қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептері көрсетілген хат жолдайды. Субсидия беруден бас тарту тізбе тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тиісті бағыт бойынша қаражат болған жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім мақұлданғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде ай сайынғы қаржыландыру жоспарын ескере отырып, «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған шоттарды СМАЖ-да қалыптастырады.
Субсидия көлемі тиісті айға жоспарланған бюджеттік қаражат көлемінен асқан жағдайда субсидия төлеу өтінімдердің келіп түскен күніне сәйкес кезектілік бойынша келесі айда жүзеге асырылады.
Екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелері қате берілген жағдайда, тауар өндірушінің екінші деңгейдегі банк шотының деректемелерін өзгертуге арналған қосымша өтініш беру арқылы ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) СМАЖ-да екінші деңгейдегі банктің деректемелеріне тиісті өзгерістер енгізеді.
Өтінімді толық қанағаттандыру үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) СМАЖ арқылы тауар өндірушінің жеке кабинетіне тиесілі субсидияларды ішінара төлеу жөнінде ұсыныс жолдайды. Тауар өндірушінің ұсынысы 2 күн ішінде қабылданады немесе қабылданбайды. Тауар өндіруші келіскен кезде ЖАО жіберілген ұсынысқа сәйкес төлем жүргізеді. Тиесілі субсидиялардың қалғаны қаражатты субсидиялар түрлері арасында қайта бөлу және (немесе) ағымдағы/келесі қаржы жылында (жылдарында) бюджет қаражатын бөлу кезінде төленеді.
Тауар өндіруші ішінара төлеу туралы ұсынысты қабылдамаған кезде немесе 2 күн өткеннен кейін ұсыныс күту парағына сәйкес келесі тауар өндірушіге жіберіледі.
Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы




