Жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы үміткерлерге мерзімділік, қайтарымдылық, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, былайша несие береді:
1) несие мерзімі – 10 жылға дейін;
2) несиенің ең жоғары сомасы – 5 миллиард теңге;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
4) несиенің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру:
тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап);
етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);
көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын;
ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен теріні терең өңдеу кәсіпорындарын;
қуаттылығы жылына 25 тоннадан бастап тауарлық балық болатын балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтарын;
өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан басталатын балықты аршып, тазалайтын, одан әрі тереңдете өңдейтін және сақтайтын балық өңдеу кәсіпорындарын;
осы қағидалар шеңберіндегі АӨК саласындағы жобалар бойынша буып-түю материалдарын өндіру кәсіпорындарын;
құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;
қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);
қой фермаларын (5000 бастан бастап);
5) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
6) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі 24 айдан аспайтын мерзімді құрайды.
Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы





