⛅
5°C
Қонаев
Дүйсенбі, Ақпан 9, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ауыл әкімі: жаңа құзыреттің жүгі қандай?

    13.12.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ауыл әкімі: жаңа құзыреттің  жүгі қандай?
    0
    SHARES
    40
    VIEWS

          Ауыл әкімдері – елдімекендерді дамытудағы негізгі қозғаушы күш, жергілікті мәселелерді шешуге жауапты тұлға. Әкімдердің жұмысы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеру, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және тұрғындармен тығыз байланыс орнату арқылы көрінеді.
    Жуырда Астанада өткен ауыл әкімдерінің диалог-платфор­масында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдімекендерді басқарып отырған азаматтардың ең алдымен халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші екенін атап өтіп, оларға айрықша сенім білідірді.

    Айтулы жиында Мемлекет басшысы ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындады, сондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелеріне кеңінен тоқталды. Президенттің айтуынша, ел бойынша 2334 ауыл әкімі сайланған. Олардың орташа жасы 43-ті құрайды. Жаңадан сайланған әкімдердің үш­тен бірі – бұрын мемлекеттік қыз­метте болмаған азаматтар. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ауылдағы сайлау саяси партиялардың аймақ­тардағы жұмысына тың серпін берді. Алғашқы Жарлығым да ауылды дамытуға арналды. Биыл Үкімет алдағы бес жылға арналған өңірлерді дамыту тұжырымдамасын бекітті. Ауылға қомақты инвестиция тартылды. Қазіргі ауыл әкімдерінің 60 пайызға жуығы осы қызметке алғаш рет сайланды. Бұл – жергілікті билік құрамы біршама жаңарды деген сөз. «Әкім болдым, толдым» деп отыруға болмайтыны түсінікті. Әкімдер өздерінің мықты басшы екенін іс жүзінде дәлелдеуі керек. Уәдесін орындамайтын, міндетін дұрыс атқармайтын ауыл басшы­сын қызметінен босату тетіктері қарас­тырылуы қажет. Ондай әкімдер халықтың талабымен немесе саяси партиялардың ұсынысымен жұмыстан шығарылуға тиіс», – деді.
    Басқосуда Қасым-Жомарт Кемелұлы ауылдардағы оң өзгеріс­терге тоқталып, әкімдердің жұмысын жақсарту бағытында нақты міндеттер қойды. Атап айтсақ, Президент 2022 жылы халыққа ұсынған сайлауалды бағдарламада ауыл мәселесіне айрықша назар аударды. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының ауылдық аумақ­тарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Қазіргі таңда осы құжатқа сай нақты жұмыс атқарылып жатыр. Жиында Парламент Мәжілісінің төра­ғасы Ерлан Қошанов, Премьер-­Министр­дің орын­басары Қанат Бозымбаев, сондай-ақ өңірлерден келген ауыл әкімдері сөз сөйледі.
    Диалог-платформаға қатысқан­дардың аталған жиыннан өзіндік ой түйіп қайтқаны анық. Солардың бірі – Балқаш ауданы Құйған ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Тықыров. Ол форум туралы былайша пікір білдірді: «Маған ауыл әкімдерінің мәртебесін нақты көтеру туралы тапсырма ерекше әсер етті. Ол жергілікті басқарудың тиімділігін арттырып, әкімдердің жауапкершілігін күшей­теді. Сонымен қатар салықты ауылда қалдыруға қатысты ұсыныс құптарлық. Бұл елдімекендердің әлеуметтік-эконо­микалық дамуына тың серпін береді. Мемлекеттік қызметкерлерге жасалатын қолдау олардың әлеумет­тік жағдайын жақсартып, жұмысқа деген мотивацияны арттырады. Бұл ауылдағы кадр тапшылығын шешуге де өз ықпалын тигізеді. Президенттің «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген ұстанымы – біздің жұмысымыз­дың темір­қазығы. Әрбір орынды ұсы­нысқа құлақ асып, халықтың талабын құрметтеу – әкімнің парызы. Форумдағы ашық диалогтар да осы мәдениеттің маңызды екенін көрсетті. Өйткені сын да, ұсыныс та даму үшін қажет. Қазір бізде ауыл тұрғындарымен ашық диалог алаңы қалыптасты. Барлық мәселені ашық талқыға салып, шешуге күш саламыз. Сонымен қатар форумда Мемлекет басшысы ауылды өркендетуге жеке инвесторларды көптеп тартуды тапсырды. Қазір осы бағытта өнімді жұмыс істеп жатырмыз. Биыл ауылға 2 млрд теңге көлемін­де ин­вес­тиция тарт­тық. Ауылдың әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуын арттыру, инфрақұрылымды жаңарту, цифрландыру жобаларын іске асыру, халық­тың тұрмысын жақсарту – менің негізгі міндетім. Президент жүктеген тапсырмалардың барлығы Құйған ауылында кезең-кезеңімен, сапалы әрі нақты жүзеге асатынына толық сенімдімін».
    Қазіргі өркениетті заманда қоғам сәт сайын құбылып, сағат сайын өзге­ріп жатыр. Сондықтан әкімдер өзгер­мелі нарыққа бейімделуі тиіс. Ол үшін жобалық менеджментке ауысқан дұрыс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкім мемлекеттік деңгейде жа­са­лып жатқан өзгерістерді жергілік­ті жерде жүзеге асыруға қабілетті, кәсіби тұрғыдан білікті әрі еңбекқор басшы болғанда ғана сайлаушылардың сенімін ақтай алатынын сан мәрте тілге тиек еткен еді. Ауыл әкімдері де іргелі істерді қолға алу үшін тұрғындар сенімінің маңызды екенін айтады. Бұл турасын­да Кеген ауданы Кеген ауыл­дық округі­нің әкімі Ернат Ысқақ былайша ой бөлісті: «Әкім ауылдың көркеюіне, тұр­ғындар тұрмы­сының жақ­саруына жауапкерші­лік арқалайты­ны анық. Алайда қолын­да кей­бір құзы­реттің жоқтығынан осы жұмыстарды өз деңгейінде жүзеге асыра алмай жатады. Мемлекет басшысының бұл мәселеге назар аударып, ауыл әкімдерін ашық диалогқа шақыруы өте орынды. Форумда ауыл әкімдеріне хаттамадан тыс сөйлеп, өз ұсынысын ашық айтуға мүмкіндік берілді. Айтылған ұсыныстарды жауапты министрліктерге шешуді тапсырды. Бұл ауыл әкімдеріне үлкен үміт пен сенім сыйлады. Ауыл халқының әлеуетін көтеру және шалғай өңір­лердің өзекті мәселесін шешу үшін мұндай форум өткізіліп тұруы өте қажет деп ойлаймын. Ауыл еліміздің өркендеу көрсеткішінің басты тетігі болғандықтан, Президенттің әкімдер жұ­мы­сын жандандыруға назар аударуы – құптарлық іс. Себебі ауыл әкімдері­нің құзыретін күшейтпей, ауылды да­мыту мүмкін емес екенін уақыт дәлелдеп берді. Бұл ретте Президент ауыл әкімдеріне құзыреттілікті күшейте отырып, жауапкершілік жүгін де екі еселеді. Артылған сенімді ақтау үшін жайбарақаттықты қойып, бар күш-жігерді салып жұмыс істеу қажеттігін түсіндім. Өйткені қолында нағыз сенім мандаты болғанда ғана әкім іргелі істерді атқара алады».
    Бүгінде елімізде ауылдық аймақ­тарды дамыту жаңа деңгейге көтерілді. Президенттің «Ауыл – ұлтымыздың өзегі» деген тұжырымынан кейін бұл сала ұлттық қауіпсіздік пен эко­но­­микалық өсудің стратегиялық бағытына айналды. Форумға қатысқан әкімдер осы бағытта еңбек етуді басты қағида ретінде қабылдағаны байқалады. «Аталған форум, бір жағынан, әкімдердің есеп беруі болса, екінші жағынан, ауылды дамытуға қатысты нақты шешім қабылданатын стратегиялық басқосуға айналды. Мұндай форум ауыл мәселесін эмоциямен емес, дерек пен нақты жоспармен шешуге мүм­кіндік бе­реді. Мемлекет бас­шысы өз сөзінде ком­муни­кация және көш­басшылық қабілетті арттыру қажет екенін атап өтті. Ауыл әкімі халықпен ашық сөйлесе алатын, түсіндіру жұмысын жүргізетін, сын-ескертпені дұрыс қабылдайтын, ұсыныстарға құлақ асатын шынайы көшбасшы болуы керек деп білемін. Халықпен тұрақты диалог орнатып, мәселелерді «қағаз жүзінде» емес, жергілікті жағдайды ескере отырып шешу қажет. Президент баяндамасынан түйген ой – ауыл енді «әлеуметтік жүктеме» емес, ел дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық ресурс. Мемлекет басшысы әкімдердің жауапкершілігін күшейтумен қатар, оларға нақты құқық беру қажет екенін де айтты. Бұл – орталық пен ауыл арасындағы алшақтықты қысқартатын дұрыс қадам», – деді аталған алқалы форумнан алған әсерімен бөліс­кен Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылының әкімі Мәлік Қасымбаев.

    Президент сөзіне жүгінсек, алдағы уақытта бюджет және заңнамалық базаны бекітуде ауыл әкімдеріне қаржылық дербестік берілмек. Бұл ауыл бюджетін жергілікті қажеттіліктерге жұмсауға мүмкіндік туғызады. Яғни әкімдер орталықтан тапсырма күтпей-ақ, ауылішілік мәселелерді өздері шеше алады. Қазір бюджеттік өтініш ұзақ жүреді, ауданға, облысқа барады, қайта оралады. Ал егер белгілі бір өкілеттік ауыл әкімдерінің қолына берілсе, жұмыс әлдеқайда тез жүреді. Шешілмей жүрген мәселені бір жыл күтпей, бір айдың ішінде орындауға болады. Сарапшылардың айтуынша, әкімнің өкілеттігі артқан жағ­дайда, ауыл инфрақұрылымын жөндеу, әлеуметтік нысандарды дамыту, жер қатынастары, жол, су, жарық мәселелері сияқты маңызды бағыттар өз шешімін табады. Демек, ауылға қарап, әкімін танитын уақыт алыс емес. Өйткені құзырет берілген жерде өзгерістердің орын алуы – заңдылық.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    60 отбасы баспаналы болды

    60 отбасы баспаналы болды

    3 years ago
    Қолдан жасалған бақыт: әлеуметтік желідегі өмір мен шынайылықтың айырмасы

    Қолдан жасалған бақыт: әлеуметтік желідегі өмір мен шынайылықтың айырмасы

    4 months ago
    Компаниялар ынтымақтастығы

    Компаниялар ынтымақтастығы

    2 years ago
    Саяжай алаптарының мәселелерін шешу жөнінде жұмыс атқарылып жатыр

    Саяжай алаптарының мәселелерін шешу жөнінде жұмыс атқарылып жатыр

    3 years ago
    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>