⛅
8°C
Қонаев
Сенбі, Ақпан 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР ҚАЖЕТ

    13.12.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР ҚАЖЕТ
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тірегі және қоғаммен тікелей байланыс орнататын сенімді институт. Мемлекет пен азаматтар арасындағы көпір бола алатын, қоғам мүддесіне жұмыс істейтін кәсіби аппарат қалыптастыруда жастардың рөлі ерекше. Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік қызметке жастардың қызығушылығы артып келеді. Бұл қызығушылықты тұрақты кадрлық ресурсқа айналдыру үшін жүйелі әрі нақты жұмыстар атқарылуы қажет.

    Қазіргі жастар – ақпараттық техно­логияны жетік меңгерген, бірнеше тілді білетін, бастамашыл және жаңашыл буын. Олар ашықтық пен нәтижеге бағытталған басқару үлгісін қалайды. Сондықтан мемлекеттік қызметті жастар үшін тартымды ету – ұлттық мүдде. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті жастарды мемлекеттік қызметке тарту бағытында кешенді жұмыс жүргізіп келеді. Нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін бірнеше маңызды бағыт іске асырылуда.
    Біріншіден, жоғары оқу орнын үздік дипломмен, мемлекеттік оқу грантымен аяқтаған түлектер ауылдық және аудан­дық деңгейдегі әкімдіктерге конкурссыз тағайындала алады. Бұл норма талантты жастарды мемлекеттік қызметке ертерек тартуға және олардың қабілеттерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік береді.
    Екіншіден, жоғары оқу орындары­мен тығыз әріптестік орнатылған. Универ­ситеттерде бос жұмыс орындары жәр­мең­кесі, ақпараттық кездесулер мен семинарлар тұрақты түрде өткізіледі. Бұл студенттердің мемлекеттік қызметтің мүмкіндіктерімен ерте танысуына жағдай жасайды. Сонымен қатар оқу орындарында «Мансап орталықтары» арқылы кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілуде.
    Үшіншіден, «Жас мемлекеттік қыз­метші» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында жаңа қызмет­керлерге тәлімгерлер бекітіледі, бейім­делу кезеңінде оқыту семинарлары өткізіледі, өңірлік және республикалық жобаларға қатысу мүмкіндігі беріледі. Жастар кеңесі арқылы олардың ұсыныс­тары мен бастамаларына қолдау көрсетіледі.
    Мемлекеттік қызметке жастарды тарту­да ашық және әділ іріктеу жүйесі маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда конкурстар электронды форматта, «Е-қызмет» платформасы арқылы жүргізіліп келеді. Бұл тәсіл адами фактордың ықпалын азайтады, білімі мен біліктілігіне қарай іріктелуге мүмкіндік береді және жастардың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттырады. Мемлекеттік қызметке келген жастарды ұзақ мерзімге ұстап қалу – кадрлық тұрақтылық пен сапаның кепілі. Бұл бағытта жүйелі мансаптық даму жолы қарастырылған. Әр қызметкерге жеке даму жоспары құрылып, соған сәйкес оқыту курстары ұсынылады. Конкурс арқылы жоғарылау мүмкіндігі де айқын көрсетілген.
    Мемлекеттік органдарда жүзеге асатын жобаларға жастар белсенді тартылып, нақты нәтижеге жауапты болады. Бұл олардың жауапкершілігін арттырып, тәжірибесін нақты іспен байланыстыруға мүмкіндік береді. Көптеген мекемеде жастарға арналған кеңселер, коворкинг аймақтары, бейресми пікір алмасу алаңдары ашылуда. Икемді жұмыс уақыты мен нәтижеге негізделген бағалау жүйесі енгізіліп жатыр. Жастар үшін мемлекеттік қызметтің тартымдылығы тек жалақымен емес, мансаптық өсу мүмкіндігімен, қоғамға пайдалы болу ниетімен және жауапкершілікке ие болу сезімімен анықталады. Осы құндылық­тар нақты іске асқанда мемлекеттік қызмет жастардың таңдаулы бағытына айналады. Сондай-ақ жас мемлекеттік қызметші­лердің жетістіктерін бұқара­лық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау қажет. Алдағы уақытта аталған агенттік үздік түлектерге арналған конкурс­сыз қабылдау жүйесін кеңейтуді, IT саласының жас мамандарын тарту үшін арнайы бағдарламаны енгізуді, жастармен кері байланыс тетіктерін күшейтуді және жас мемлекеттік қызметшілер форумдарын өткізуді жоспарлап отыр.
    Жастар – мемлекеттің қуатты ресурсы. Мемлекеттік қызмет – ел дамуына тікелей үлес қосатын сала. Егер жастардың білімі мен жігері осы жүйеге тиімді енгізілсе, еліміздің басқару жүйесі мықты, тиімді және халыққа жақын бола түспек. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жастарды мемлекеттік қызметке тарту және оларды қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

    Ділмұрат САЙФУЛЛАҰЛЫ,
    ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы

    Ұсынымдар

    Ұлттық киім – ұлт айнасы

    Ұлттық киім – ұлт айнасы

    2 years ago
    Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың аты-жөні анықталды

    Өртте қаза тапқан орманшылар марапатталды

    3 years ago
    Елімізде жемқорлыққа қарсы бейнероликтер байқауы басталды

    Елімізде жемқорлыққа қарсы бейнероликтер байқауы басталды

    9 months ago
    Мереке қарсаңында мәдениет үйі ашылды

    Мереке қарсаңында мәдениет үйі ашылды

    1 year ago
    Еңбек пен нәтиже

    Еңбек пен нәтиже

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>