⛅
-3°C
Қонаев
Бейсенбі, Желтоқсан 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шоқан ізімен

    17.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Шоқан ізімен
    0
    SHARES
    29
    VIEWS

         Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында жазушы, журналист, саяхатшы, өлкетанушы, Жамбыл ауданының тұрғыны Исмаилжан Иминовтің «Алты шаһар өлкесі» атты тарихи-танымдық, әдеби-публицистикалық кітабының тұсаукесері өтті. Қаламгердің бұл еңбегі қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналып, әйгілі Қашқарияға сапарының ізімен жазылған.

    Шараға белгілі ақын-жазушылар мен ғалымдар, жас әдебиетшілер және оқырмандар қатысты. Тұсаукесерді «Turan TV» телеарнасының бас директоры, меценат Роман Ботабеков ашып, жүргізіп отырды. Ұлттық кітапхананың ғылыми хатшысы Қанат Алтынбек жаңа жинақ туралы кіріспе сөз сөйледі. «Алты шаһар өлкесінде» автор өзі құрамында болған Қашқарияға сапар баяндалады. Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автоно­миялық ауданына жасалған «Шоқан­ның ізімен» экспедициясын ҚР Ұлттық музейінің қатысуымен Almaty Management University және «Turan TV»  телеарнасы ұйымдастырған. Атақты ғалым Қашқарияға 1858-1859 жылдары барғаны белгілі. Исмаилжан Иминовтің жолжазба очерктері Шоқанның сол сапарындағы құпия миссиясы мен отандық саяхатшылардың биылғы сапары төңірегінде лирикалық шегіністермен ғылыми ізденістерді ұштастыра отырып тартымды жазылған.
    Шараға ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Қансейіт Әбдезұлы, генерал-майор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сләм Әбсәметов, қоғам қайраткері, меценат Ахметжан Шардинов, белгілі жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы, «Мысль» журналының бас редакторы Асыл Сағымбеков, Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музей-үйінің директоры Диар Қонаев, Алматы облыстық «Алатау арайы» және «Огни Алатау» газеттерінің бас редакторлары Қуаныш Тұнғатар мен Зәбира Сайділдина, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы қатысып, жаңа кітап туралы ой-пікірлерін білдірді.
    Ғылыми-зерттеу экспедициясын ұйымдастырушылар кітап қысқа мерзімде жазылғанымен, мазмұны мен сапасы жағынан жоғары деңгейде екенін айтты. Жиында автордың жазу шеберлігі, білім-біліктілігі сөз болды. Жаңа туындыға деген қызығушылық тұсаукесерге келгендердің қарасы көптігі мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуынан айқын аңғарылды.
    Бұл өте құнды, баламасы жоқ бағалы кітап екенін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Қансейіт Әбдезұлы атап өтті. Себебі жеті адамнан тұратын экспедициялық топ екі апта бойы Қашқарияға сапар шегіп, ХІХ ғасырдың орта тұсында қазақтың әйгілі ғалымы, ұлт мақтанышы Шоқан Уәлиханов жүрген жолмен жүріп өтіп, ғалым қағазға түсірген, табаны тиген тарихи қалалардың барлығын аралаған.
    Қансейіт Әбдезұлы өз сөзінде жаңа кітаптың Шоқантануға қосылған үлкен үлес екенін айта келе, келешекте құнды дерекке толы жинақты қазақ тіліне де аударып, кеңінен насихаттау керегін, сөйтіп, қазақша нұсқасының тұсауын қара шаңырақ Әл-Фараби университетінде кесу туралы ұсыныс айтты. Шарадан жастар, студенттер мол мағлұматқа қанығып қайтты.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    ЖЫЛ ЖАҢАЛЫҒЫ
    Жазушы, журналист, саяхатшы, өлкетанушы Исмаилжан Иминовтің «Алты шаһар өлкесі» атты тарихи-танымдық, зерттеу, әдеби-публицистикалық еңбегі – өте құнды, бағалы кітап. Жеті жігіттен тұратын экспедициялық топ екі апта бойы Қашқарияға сапар шегіп, ХІХ ғасырдың орта тұсындағы қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшысы, суретшісі, ең бастысы, қазақтың атын әлемге танытқан ғұлама перзенті, ұлт мақтанышы Шоқан Уәлихановтың ізімен жүріп өтіп, Шоқан қағазға түсірген, табаны тиген тарихи қалалардың барлығын аралаған. Республикалық «Тұран ТВ» телеарнасының ұйытқы болуымен атқарылған осынау аса маңызды ғылыми-зерттеу сапарының қорытындысы ретінде жарық көрген бұл кітапта түркі әлемінің, қала берді жер-жаһанның екі қасиетті тұлғасы – Жүсіп Баласағұн мен Махмұт Қашқариға қатысты тараулар менің назарымды бірден аударды. Осынау екі ұлы тұлғаның мәңгілік мекен тауып жатқан жері мен айрықша құрметпен тұрғызылған кесенелері, мавзолейлері, мұражайлары және кітапханалары суреттелетін тұстарын тебіренбей оқу мүмкін емес. Бүгінгі ұрпақтың көбі білмейтін, оқымаған, осынау мың жылда бір келетін екі тарихи тұлға туралы аса құнды тың деректердің өзі неге тұрады?! Автордың Хотан, Артуш, Янгысар және басқа Шоқан да бара алмаған қалаларға барып, дерек жинауы айтуға тұрарлық. Биыл ел деңгейінде атап өтіліп жатқан ғұлама ғалым Шоқан Уәлихановтың мерейтойына орай ұлы перзентімізге арналған осынау ғылыми-танымдық экспедицияның ұйымдастырылғанын осы жылдың басты жаңалығы болды деп бағалаймын. Досым, қаламгер, журналист Исмаилжан Иминовті қолымызға жаңа тиген осынау құнды, олжалы, әсіресе, шоқантануға үлкен үлес қосқан еңбегімен құттықтаймын.

    Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ,
    филология ғылымдарының докторы, профессор

    Ұсынымдар

    ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ КАПИТАЛЫ 

    Ел дамуының кепілі

    2 months ago
    Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда

    Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда

    6 months ago
    Таза бейсенбі: Алматы облысында Шамалған өзенінің жағалауы тазартылды

    Таза бейсенбі: Алматы облысында Шамалған өзенінің жағалауы тазартылды

    6 months ago
    Президент Жолдауы: Қонаевты дамытуда басымдықтар айқындалды

    Президент Жолдауы: Қонаевты дамытуда басымдықтар айқындалды

    3 months ago
    Қонаев қаласында абаттандыру ережелерін бұзғандар ескерту алды

    Қонаев қаласында абаттандыру ережелерін бұзғандар ескерту алды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>