🌫️
-2°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тұңғиықтан жол іздесең…

    18.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Тұңғиықтан жол іздесең…
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Қарасай ауданы Шамалған ауылында «RUKH» атты психоло­гиялық орталық жұмыс істейді. Онда ішімдікке, есірткіге және құмар ойынға салынған адам­дарға қолұшын созады. Орталық­тың негізін қалаушы Ілияс Нағұмановтың айтуынша, қазіргі уақытта мұнда 10 адам оңалтудан өтіп жатыр. Оларға 15 қызметкер көмек көрсетеді.

    – Адамдар мұнда сенімдерінен айырылған күйде келеді, – деді Ілияс Кенжеболатұлы. – Біртіндеп олар толық­қанды өмірге қайта оралады, әлемді басқа қырынан көріп, болмыс­тың мәнін түсіне бастайды. Оларға психотерапевтік көмек көрсету бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі. Себебі әртүрлі өмірлік жағдай, оның ішінде бала кезіндегі жан жарақаты, ата-анасының ажырасуы немесе дүниеден өтуі сияқты жағдайлар көптеген адамды өмірлік сынақпен күресуге дәрменсіз етіп, алкоголь немесе есірткі тұтынуға әкеп соқтырады. Ал кейбірі шынайы өмірден қашу үшін құмар ойынға қызығушылық танытады. Өкінішке қарай, біздің орталыққа жүйке жүйесі әбден асқынған кезде келеді. Бірақ біз барынша көмектесуге тырысамыз.
    Ілияс Кенжеболатұлы бес жыл бұрын дәл осындай күйді өз басынан кешірген екен. Енді ол басқаларға көмек көрсету үшін осындай сауық­тыру орнын ашқан. Оның командасы жас, жігерлі, спортшы, сауатты және сыпайы адамдардан жасақталған. Орталықтың жұмысына тікелей басшылық жасайтын Мадияр Бимұханов болса, мотивация бөліміне Елдар Ермек жетекшілік етеді. Айта кетерлігі, Елдар Жұмабекұлы мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, спортпен, әсіресе күрестің джиу-джитсу түрімен айналысқан. Орталық­та оның көптеген кубоктары мен медаль­­­дары көз тартады. Мұның өзі емделу­­шілерге жігер беретіні анық.
    Оңалту бағдарламасы 12 негізгі қадам­нан тұрады, олардың әрбірі қалыпты өмірге оралуға көмектеседі. Алғашқы және ең маңызды қадам ­ ­– тәуелділікті мойындап, онымен жалғыз күресу мүмкін еместігін түсіну.
    – Бұл қадам өте қиын әрі маңызды, – деп санайды Ілияс Кенжеболатұлы. – Әрбір ауруды емдеу диагноз қоюдан басталса, біздің орталықта да адамның өзі тәуелділіктің бар екенін түсініп, мойындауы өте маңызды. Ішімдікке салынғандардың көпшілігі өздерінің проблемасын мойындаудан бас тартады. Біреуінің ар-намысы жібермейді, ал басқалары қоғамның пікіріне тәуелді. Бірақ бір күні адам үмітсіздікке түс­кенде психологиялық көмек көрсету орталықтарына жүгінеді. Уақытылы көмек алу өте маңызды. Көптеген отбасы мәселені жасыруға тырысады. Бірақ ақыр соңында ауруы ашылып, ауыр зардаптарға әкеліп жатады.
    Қалған 11 қадам өз-өзін қайта баға­лауға, әлсіздігін түсініп, Жаратушының құдіретті күшін сезінуге негізделген. Ең маңыздысы, орталықта барлық жағдай жасалған. Бөлмелер таза, әдемі, жайлы, қалыптасқан тәртіп бар. Екі қабатты ғимараттағы әр бөлмеге 5-6 адамға дейін орын бөлінген. Бөлмелердің атаулары да қызық – «Амстердам», «Лос-Анджелес», «Раккун-Сити». Бұл атауларды емделіп жүрген жандар өздері ойлап тапқан. Орталықтың фойесінде функционалдық міндеттер көрсетілген стендтер, даналық сөздер жазылған. Осының бәрі адамның жаңаша қалыптасуына бағыттайды. Жауапкершіліктен қашпауға, батыл және сенімді өмір сүруге үйретеді.
    Ең маңызды аспектінің бірі – еңбек терапиясы. Ем қабылдаушы­ның өз міндеті бар, олар мезгіл-мезгіл ауысып отырады. Атап айтқанда, тамақ дайындауды, аула тазалауды, орталық­тағы өсімдіктерге күтім жасауды және тағы басқа жұмыстарды атқарады. Оңалтудың негізгі кезеңі төрт айдан тұрады. Толық курс алғандарға бір жыл бойы орталықта тәжірибеден өтуге және кеңесші болуға ұсыныс жасалады.
    Айтқанымыздай, көп­теген жас мұнда өмір мен өзіне деген сенімінен айрылып, күйзеліп, жандүниесі мұздаған күйде келеді. Бірақ сауатты құрылған сауықтыру шара­ларының арқасында олардың бойларына біртіндеп жылу тарап, емделіп, тәуелді­ліктен босап шығады. Әлемді жарқын түстермен көруді бастайды және өмірді бағалайды.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Цифрлық көшірме дайындалды

    Цифрлық көшірме дайындалды

    2 years ago
    Жол

    Алматы облысында жол жөндеуге 100 млрд теңге қажет

    2 years ago
    Шекарашылар жағдайымен танысты

    Шекарашылар жағдайымен танысты

    11 months ago
    Тұрғындар өтініші тыңдалды

    Тұрғындар өтініші тыңдалды

    1 month ago
    «Жайлы мектеп» жайы алаңдатады

    Санаққа дайындық  жайы пысықталды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>