Перейти к содержимому
Главная страница » Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет!

Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет!

    Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде мемлекеттік қызмет­шілердің қатысуымен кеңей­тілген жиын өтті. Шараны ҚР Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қарасай ауданы әкімдігімен бірлесіп ұйым­дастырды.

Шараның басты мақсаты – қоғамда әділдік қағидаттарын нығайту, мем­лекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту.
Жиын барысында ҚР Мемлекет­тік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев жемқорлыққа қарсы жұмыстың қатаң жауапкершілікті, қоғамдық бақылауды, сондай-ақ адалдықты насихаттауды қамтитынын атап өтті. Қоғамда да, мемлекеттік қызметшілер арасында да сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ жемқорлық үшін қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Қазақстан психологтар қоғамының мүшесі, республикалық деңгейдегі тренер, «One Stop Service» әйелдер мен балаларды қорғау пилоттық жобасының қатысушысы, «Human rights lawyers» қоғамдық қорының психологы Жеңісгүл Қабаева мотивациялық сипаттағы семинар-тренинг өткізді. Сонымен бірге ол мемлекеттік орган­дар қызметкерлерінің этикалық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыруға бағыт­талған практикалық кеңес берді.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнар Молдамсейітова 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесімен таныстырды.
Аудан әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбек сыбайлас жем­қорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру жөніндегі шараларға тоқталып, сыбайлас жемқорлық­тың алдын алу­дың бір қадамы ретін­де мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын көтеру мәселесін алға тартты.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан да сұрақтар қойылды. Бұл басқосу пікір алмасуға және құнды ұсыныстар айтуға мүмкіндік берген ашық диалог үлгісі болды.

Қуат Қайранбаев

Қарасай ауданы