⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Ақпан 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Мәселе түйіні тарқай ма?

    19.12.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Мәселе түйіні тарқай ма?
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Облыстық әкімдікте «AMANAT» партиясының аймақтық филиалы жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

    Облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев пен партиялық бақылау комиссиясының төраға­сы Аманкелді Сембаевтың төраға­лығымен өткен жиында кәсіпкерлік салаға қатысты түйткілді мәселелер талқыға салынды. Отырысқа бірқатар басқарма басшылары, бизнес өкілдері қатысты. Ашық диалогқа негізделген кездесуде аймақтағы кәсіпкерлікті дамытуға жауапты құрылымдардың есебі тыңдалып, бизнес өкілдері көкейде жүрген сауалын қойды.
    Келер жылдың қаңтар айынан бастап елімізде жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіледі. Қазір кәсіп­керлер мен тұтынушылар арасында жаңа ережеге қатысты қызу пікір­талас жалғасып келеді. Әсіресе, қосымша құн салығын 12 пайыздан 16 пайызға көтеру – кәсіпкерлер арасында ең көп талқыланатын мәселе. Көптеген бизнес өкілі бұл өсімді қосымша шығын ретінде қабылдап, құн салығы бағаның өсуіне немесе тұтынушыларға әсер етуі мүмкін деп алаңдайды. Облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев отырыстың басты мақсаты да осы түйіні тарқамаған түйткілдерді сараптап, кәсіпкерлер мен тиісті мемлекеттік органдар арасында ашық диалог орнату екенін атап өтті. «Кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялар тарту және индустрияландыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар аймақ­тың тұрақты экономикалық өсімін, жаңа жұмыс орындарының құрылуын және халықтың әл-ауқатының артуын қамтамасыз етуде. «АМANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі мемлекеттік органдар мен бизнес қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге, кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін жүйелі түрде шешуге және өңірдің кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға серпін береді деп сенемін», – деді Рустам Исатаев.
    Аталған жиында шағын әрі орта бизнестің дамуына мол мүмкіндік бар екені айтылды. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Манасбаеваның айтуынша, бүгінде аймақтың жалпы өңірлік өнім көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 45,1 пайызға жеткен. Қазір облыста 156 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. 272 мыңнан астам адам немесе әрбір төртінші тұрғын осы салада жұмыспен қамтылған. Сонымен қоса, шағын және орта бизнес салық түсімдері 221 млрд теңгеге жеткен. Биыл жеке кәсіпкерлікті қолдауға 23,6 млрд теңге бөлінген.
    Кеңес отырысында облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі бизнесті қолдау мен қорғау бағытында атқарылған істерге тоқталды. Оның айтуынша, қазірге дейін кәсіпкерлер палатасы тарапынан салалық кеңестің 37 отырысы өткізіліп, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен 37 проблемалық өтініш қаралған. Оның 29-ы оң шешімін тапқан. Көтерілген негізгі проблемалық мәселелер қатарында жекеменшік балабақшаларды уақытылы қаржыландыру, «Кең Дала» және «Кең Дала 2» бағдарламаларының орындалмауы сынды мәселелер бар. Сонымен қатар палатаға келіп түскен кәсіпкерлердің 91 өтініші қаралып, оның 53-і оң шешім тапқан.
    Мемлекет қашанда кәсіпкерлерге қолдау танытуда. Оның айғағы – бүгінде бірнеше бағдарламаның қолданысқа еніп, кәсіп иелерінің пайдасына жарауы. «Даму» кәсіпкер­лікті дамыту қоры» акционер­лік қоғамының Алматы облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Бақытжан Исақовтың мәліметінше, аталған қор жеңілде­тілген несиелеу бағдарламасы шеңберінде жалпы несие сомасы 59,1 млрд теңгені құрайтын 176 жобаны қаржыландырған. Кәсіпкерлер 196 жоба бойынша 46,4 млрд теңге сомасында несиелік кепілдеме алған. Сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау аясында жалпы несие сомасы 42 млрд теңгені құрайтын 91, ал агроөнеркәсіп саласындағы кепілдік беру бағдарламасы бойынша жалпы несие сомасы 3,5 млрд теңгені құрайтын 13 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген.
    Жиын соңында орта және шағын бизнесті қолдау мақсатында салық режимін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету туралы ұсыныс қаралды. Жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін, бірқатар ауданның мәслихатындағы «AMANAT» партия­сы фракциясының депутаттары шағын және орта бизнеске түсетін жүктемені азайту бастамасын көтерген болатын. Мәселе депутаттық фракция отырысында жан-жақты талқыланып, өңірлердегі кәсіпкерлер қауымдастығымен келісілген болатын. Жеңілдік 2026 жылдан бастап күшіне еніп, шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржылық мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңей­теді деп күтілуде. Бұл қадам кәсіпкерлерге өндірісін жаңғыртуға, қызмет түрлерін көбейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қызметкерлердің еңбекақысын тұрақты төлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ салықтық жүктеменің төмендеуі әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің бағасын тұрақтандыруға оң әсер етпек. Алайда аймақтағы кейбір аудандар бұл мәселеге салғырт қарағандықтан, салық режимін 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуде қиындықтар туындаған. Соңында кеңес мүшелері осы түйткілді шешуге ортақ күш жұмсайтынын айтты. «Жаңа Салық кодексі қаңтар айынан бастап күшіне енеді. Осыған байланысты көптеген талқылау өтті. Алайда кәсіпкерлердің көкейінде әлі де бірқатар сұрақ пен алаңдаушылық бар. Сонда ғана кешенді әрі мазмұнды диалог қалыптастыруға мүмкіндік болады. Кеңес қорытындысында айтылған ұсыныстар мен бастамалар пысықталып, оларды орталық дең­гейінде қарау үшін партияның республикалық құрылымдарына жолданды»,– деді жиынды қоры­тындылған облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Аманкелді Сембаев.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында қалдықтар полигоны уақытша жабылуы мүмкін

    Алматы облысында қалдықтар полигоны уақытша жабылуы мүмкін

    4 months ago
    Алматы облысының дәрігерлері Беларусьте біліктілігін арттыруда

    Алматы облысының дәрігерлері Беларусьте біліктілігін арттыруда

    8 months ago
    Тамаша ойын алаңы

    Тамаша ойын алаңы

    4 months ago
    Ақтау түбінде Әзербайжан ұшағы құлады

    Ақтау түбінде Әзербайжан ұшағы құлады

    1 year ago
    Аудан әлеуеті артып келеді

    Аудан әлеуеті артып келеді

    1 day ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>