⛅
-0°C
Қонаев
Жұма, Желтоқсан 26, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды бақылаудың жаңа тәртібі түсіндірілді

    24.12.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды бақылаудың жаңа тәртібі түсіндірілді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды бақылаудың жаңа тәртібі кеңінен түсіндірілді. Брифинг барысында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы – Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов баяндама жасады.
    Спикердің айтуынша, 2025 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы балаларға қызмет көрсететін ұйымдарға қатысты мемлекеттік бақылауды күшейтуді көздейтін заңға қол қойған. Аталған өзгерістер 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді. Жаңа тәртіп мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мектептер, балабақшалар, сауықтыру лагерьлері мен медициналық ұйымдарға қолданылады.
    Енді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау ерекше тәртіппен, алдын ала ескертусіз жүргізіледі. Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс тексеру, тергеп-тексеру, сондай-ақ объектіге бару арқылы мониторинг форматында өтеді.
    Жоғары тәуекел санатына балабақшалар, мектептер, интернаттар, балаларға арналған қоғамдық тамақтану орындары, денсаулық сақтау және сауықтыру ұйымдары жатқызылған. Ал эпидемиологиялық маңызы төмен объектілер орташа және төмен тәуекел тобына енгізіледі.
    Сонымен қатар, жаңа заң аясында санитариялық талаптарды бұзғандарға қатысты тиісті шаралар қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.
    Марат Исмаиловтың сөзінше, бұл өзгерістер ең алдымен балалардың денсаулығы мен өмірін қорғауға, сондай-ақ ата-аналардың балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленіп, білім алуына деген сенімін арттыруға бағытталған.
    Баспасөз мәслихаты барысында жаңа бақылау тетігі балаларға қызмет көрсететін мекемелерде санитариялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ететіні атап өтілді.

    Ұсынымдар

    Нарық сұранысына сай

    Нарық сұранысына сай

    1 year ago
    “Алатау жастары” бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

    “Алатау жастары” бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

    1 year ago
    “Таңбалыдағы”  Наурыз тойы

    “Таңбалыдағы” Наурыз тойы

    2 years ago
    Қолөнер шебері

    Қолөнер шебері

    9 months ago
    Тағдыр тудырған

    Абай әлеміне саяхат

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>