⛅
2°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

    24.12.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ АШЫЛДЫ
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Іле ауданына қарасты Түймебаев ауылында өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев қатысты.

    Өз сөзінде Шыңғыс Әрінов бұл нысан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар мен демеушілердің қолдауымен салынғанын атап өтті. Ол осы орайда жергілікті билік өкілдеріне ризашылығын жеткізіп, өрт бекетінің құрылысына үлес қосқан азаматтарға марапаттар мен Алғыс хаттар табыс етті.
    Облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев ауыл тұрғындары мен өртке қарсы қызмет жұмысшыларын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жобаға демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкер Малик Лилизовке алғыс білдірді.
    Өрт бекеті канадалық технология бойынша заманауи, отқа төзімді және тез тұрғызылатын панельден салынған. Бұл құрылымның беріктігі мен пайдалануға қолайлылығын қамтамасыз етеді. Бір қабатты ғимаратта жедел қызметтің үздіксіз жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Онда диспетчерлік бөлме, екі қабатты кереуеттері бар демалыс бөлмесі, асхана, жуыну орны бар. Бөлімшеде төрт адам қызмет істейді. Өрт бекеті екі бірлік техникамен қамтамасыз етілген.
    Аталмыш өрт бекеті Жәпек батыр, Жайнақ, Көкқайнар, А. Тоқпанов және Төле би ауылдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қызмет көрсету аймағындағы халық саны шамамен 70 мың адамды құрайды. Ең жақын мемлекеттік өрт сөндіру бөлімі Өтеген батыр ауылында, шамамен 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Осыған байланысты жаңа бекеттің іске қосылуы өрт пен өзге де төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету мүмкіндігін арттырады.
    Салтанатты шара соңында жаңа нысанның лентасы қиылып, кілті табысталды. Келген қонақтар ғимарат ішін аралап көріп, мұнда қызмет атқаратындар мен еріктілер үшін барлық жағдай жасалғанына көз жеткізді.
    Талғар ауданында да жаңа өрт сөндіру бекеті қолданысқа берілді. Тұздыбастау және Белбұлақ ауылдарының шекарасында орын тепкен нысанның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков қатысып, тұрғындар қуанышына ортақтасты.
    Нысанның ашылу салтанатында сөз алған Шыңғыс Әрінов министрлік тарапынан жүзеге асып жатқан «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында облыстың 368 ауылын өрт сөндіру бекетімен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын жеткізді. Алдағы жылы облыс әкімдігі және жергілікті ұйымдармен бірлесіп, осындай 40 нысанның құрылысы жүргізілетінін атап өтті. Бұдан соң министр жаңа нысанның басы-қасында жүрген аудан әкімі Таңат Айдарбеков пен ғимаратты сапалы құрылыс материалдарынан бар-жоғы 40 күнге жетпейтін мерзім ішінде тұрғызған кәсіпкер – «Супиев» ЖК директоры Ренат Супиевке «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы төсбелгісін табыстады. Сондай-ақ ауылдық округ әкімі Шыңғыс Толымбеков пен демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкер Алмас Асхатұлы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
    Жиналған жұртты Тұздыбастау ауылдық округінің тұрғыны Жақсылық Бәзілбаев та құттықтап, жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы ауыл тұрғындары үшін үлкен қуанышты жайт екенін айтты. «Бұл – тек ғимараттың ашылуы ғана емес, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты қадам. Жергілікті тұрғындарға деген қамқорлықтың көрінісі», – деді ол.
    Нысанның ашылу салтанаты бекеттің кілтін тапсыру және қызыл лентаны қиюмен жалғасты. Ауыл әжелері халқымыздың дәстүрлі шашу рәсімін атқар­ған соң, қонақтар ғимараттың ішін аралады. Мұнда тиімді қызмет көрсету үшін барлық қажетті нәрсе – диспетчерлік, демалыс бөлмесі, асхана қарастырылып, ерікті өрт сөндірушілерді орналастыру үшін де жағдай жасалған.
    Жаңа бекетке өрт сөндіру техникасы, арнайы жабдықтар мен киімдер тапсырылды. Бұл төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмысын сапалы атқаруына мүмкіндік ашары сөзсіз.

    Бағдат ШОЙБАС,
    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ
    Іле, Талғар аудандары

    Ұсынымдар

    Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға батып кеткен

    Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға батып кеткен

    3 years ago
    Көшпенділер ойындарына билеттер сатыла бастады

    Көшпенділер ойындарына билеттер сатыла бастады

    2 years ago
    Құтқарушылар жеке үйден екі жылан ұстады

    Құтқарушылар жеке үйден екі жылан ұстады

    11 months ago
    Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын жариялау ашық талқылануда

    Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын жариялау ашық талқылануда

    3 weeks ago
    Келешек адал азаматтың қолында

    Келешек адал азаматтың қолында

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>