❄️
-1°C
Қонаев
Жұма, Желтоқсан 26, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

    26.12.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Қонаев қалалық Мәдениет үйінде жыл қорытындысы бойынша спорт саласының «Хантәңірі», БАҚ өкілдерінің «Самғау» және «Заңғар» жастар сыйлығының иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Қатысушылар алдымен облыстың спорты мен жастардың жетістіктері туралы фотокөрмемен танысты. Одан кейін жиналған қауымның назарына спорт, БАҚ және жастар саясатындағы жетістіктер туралы бейнеүзінді ұсынылды.

    Салтанатты шарада алғашқы сөз облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевке берілді.
    – «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның терең тұжырымы спортшылардың табандылығынан, жастардың елге деген жауапкершілігінен және журналистердің қоғам алдындағы адал қызметінен айқын көрініс табады. Осы жыл Алматы облысы үшін нақты нәтижелермен, мазмұнды істермен ерекшеленді. Сурдо грек-рим күресінен Андрей Самариннің, биатлоннан Әсет Дүйсеновтің, еркін күрестен Едіге Қасымбектің, таэквондодан Бейбарыс Қабыланның, бокстан Ертуған Зейнулиновтің халықаралық аренадағы жеңістерін ерекше атап өткен жөн. Бұл жетістіктер – жүйелі дайындықтың, кәсіби біліктіліктің және тұрақты қолдаудың жемісі. Облыстық «ұлттық және ат спортын дамыту дирекциясының» «Жылдың үздік спорт ұйымы» атануы өңірде жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстың тиімділігін дәлелдейді.
    Экономика мен инфрақұрылымның қарқынды дамуы қоғамдық өмірдің барлық саласына оң ықпал етуде. Осы үдерістердің ашық әрі қолжетімді форматта жеткізілуі бұқаралық ақпарат құралдарының жауапты қызметімен тікелей байланысты. Журналистер өңір тынысын дер кезінде жариялап, қоғам мен билік арасындағы сенімнің нығаюына қызмет етіп келеді. Ба­сылымдар мен ақпараттық платформалар, соның ішінде «Qonaev Media» телеарнасы мазмұнды әрі сапалы контент ұсыну арқылы осы міндетті абыроймен атқаруда. «Самғау» байқауы – кәсіби ізденісті қолдайтын, шығармашылықты ынталандыратын беделді алаң.
    Өңірдің ертеңі – ойы сергек, жаңашыл жастар. Бүгінде Алматы облысында 430 мыңнан астам жас бар. Оларды қолдау мақсатында инфрақұрылым кеңейіп, жаңа орталықтар мен коворкинг алаңдары жұмысын бастады. Еріктілер қозғалысы нығайып, жастардың бастамалары республикалық деңгейде жоғары бағалануда. Осы еңбектің айғағы ретінде дәстүрлі «Заңғар» жастар сыйлығы да бүгін табысталады, – деген аймақ басшысы спорттағы табыс, жастардың белсенділігі мен ақпарат саласының кәсібилігін өңір дамуын алға бастайтын өзара байланысты үш тұғырға теңеді.
    Сахнада Марат Елеусізұлы Туризм және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісін Альбина Нұрболатқызының кеудесіне тағып, облыстың ұлттық спорт түрлерін дамыту дирекциясын «Жылдың үздік спорт ұйымы» номинациясымен марапаттады. Өңірдің дене шынықтыру мен спорттың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін Қуанжан Күлпейісовке, Айгүл Оралбекқызына, Қапар Рауановқа облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті. Сонымен қатар бірқатар сала қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатын иеленді.
    Келесі кезекте қоғамның шынайы келбетін көрсетіп, халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған БАҚ өкілдеріне арналған «Самғау» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
    «Өлке тынысы» ЖШС директоры Кәдірбек Құныпияұлы «Жылдың үздік медиа менеджері», Руслан Закарин «Үздік блогер», Ардақ Қысаев «Жылдың үздік республикалық телевизиялық тілшісі», Жадыра Маратова «Жылдың үздік тележурналисі», Ұлбосын Исабекова мен Әсет Қалымов «Жылдың үздік республикалық басылым тілшісі», Сәкен Мұхтарұлы «Үздік мобилограф», «Alataunews.kz» веб-сайты «Үздік желілік басылым», «ЖЕТІСУ» телеарнасы «Үздік ақпараттық серіктес» атанып, 1 миллион теңгелік сертификатқа ие болды. Әріптестеріміз Болат Мәжит пен Жанар Мықтыбаева «Жылдың үздік журналисі», Аят Дүйсембаев «Үздік оператор», Аслан Қажеке «Үздік фототілші», Адина Байбақ «Үздік дизайнер», Талшын Шәкіртхан мен Гүлім Советқан «Үздік жас журналист», Баян Мамырбаева «Үздік аудандық басылым тілшісі» номинациясымен марапатталып, 500 мың теңгелік сертификат иеленді.
    Салтанатты шара әрі қарай әр салада елеулі еңбек етіп, қоғамдық өмірге үлес қосып жүрген жас көшбасшылардың еңбегін бағалауға бағытталған «Заңғар» жастар сыйлығын табыстау рәсіміне жалғасты. Әсел Кұрбанова «Үздік жас мемлекеттік қызметші», Нұрбек Оған «Үздік жас ұстаз», Арайлым Хамидолла «Үздік жас дәрігер», Юсуф Мұхтасип «Үздік жас спортшы», Балнұр Асанова «Үздік жас журналист», Алмат Таласбай «Үздік жас кәсіптік маман», Меруерт Юсупова «Үздік жас кәсіпкер», Нұржігіт Кенжеғали «Үздік жас өнерпаз», Мунира Муртузаева «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы», Айдос Әукен «Үздік жас волонтер» номинациясын еншіледі.
    Кейінгі кезде облыста бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 3450 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 625 мыңнан астам адам қатысты. Алматы облысы бірқатар ірі республикалық және халықаралық жарыстардың алаңына айналды. Балалар мен жасөспірімдер спортына ерекше назар аударылуда. Спорт мекемелерінде 25 285 спортшы 67 спорт түрімен шұғылданып, 969 жаттықтырушы жұмыс істейді. Жыл қорытындысы бойынша 625 735 тұрғын спортпен жүйелі түрде айналысады.
    «Самғау – 2025» байқауы өңірлік журналистиканың кәсіби деңгейін көрсетіп қана қоймай, ақпарат саласының дамуына серпін берген маңызды алаң ретінде жоғары бағаланды. Байқау өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын, қоғамдық-саяси ахуалын және өзекті мәселелерін сапалы әрі кәсіби деңгейде жариялап жүрген БАҚ өкілдерін қолдауға бағытталған. Оған Алматы облысының тыныс-тіршілігін тұрақты түрде ақпараттандырып жүрген штаттағы және штаттан тыс журналистер, өңірлік және республикалық газеттердің редакциялары, телерадиокомпаниялар, ақпарат агенттіктері, шығармашылық бірлестіктер, аудиториясында кемінде 10 мыңнан 50 мыңға дейінгі жазылушысы бар блогерлер мен қоғамдастық әкімшіліктері қатысу мүмкіндігіне ие болды.
    Биыл «Заңғар» жастар сыйлығына 100-ден астам үміткерден өтінім қабылданып, арнайы комиссияның шешімімен 10 аталым бойынша үздік деп танылған жастар анықталды. Әр номинация жеңімпазына арнайы диплом мен 500 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы табысталды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

    Алматы облысының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

    3 years ago
    Тұңғиықтан жол іздесең…

    Тұңғиықтан жол іздесең…

    1 week ago
    Тұрғындарды толғандырар мәселе көп

    Тұрғындарды толғандырар мәселе көп

    1 year ago
    Бозкілемде – жас балуандар

    Бозкілемде – жас балуандар

    7 months ago
    Ұлттық қордан әр балаға қаражат аударудың шарттары әзірленді

    Ұлттық қордан әр балаға қаражат аударудың шарттары әзірленді

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>