Перейти к содержимому
Главная страница » Тіл курсы жұмысы қорытындыланды

Тіл курсы жұмысы қорытындыланды

Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Қарасай аудандық филиалында 2025 жылдың мемлекеттік тіл және ағылшын тілін оқыту курстары аяқталды.
Биыл мемлекеттік тілді оқыту курсына 300 тіл үйренуші қабылданды. Олардың 60-ы мемлекеттік қызметші, 192-сі бюджеттік сала қызметкері және 48-і жеке тұлға. Барлығы 20 топқа бөлініп, оқытылды. Ұлттық құрамына тоқталсақ, тіл үйренушілердің 255-і қазақ, 45-і өзге ұлт өкілі. Оқу нәтижесінде 270 тыңдаушы мемлекеттік тілді оқыту курсын сәтті аяқтап, арнайы сертификатқа ие болды.
2025 жылдың қараша айынан бастап этнос өкілдері арасынан «Қазақша сөйлесейік!» клубына 15 тыңдаушы қабылданып, 50 сөз, 50 сөз тіркесі, 50 сөйлем үйреніп, дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, биыл ағылшын тілі курсына 90 тіл үйренуші қабылданды. Олар алты топ болып оқыды. Қатысушылардың ішінде бір мемлекеттік қызметші, 74 бюджеттік сала қызметкері және 15 жеке тұлға болды. Бұл курсты толық аяқтаған 90 тыңдаушыға сертификаттар табысталып, соның ішінде курсқа белсенді қатысып, ерекше көзге түскен тыңдаушылар Алғыс хатпен марапатталды.
2023-2029 жылдарға арналған Тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында орталықта жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Жергілікті тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау «Қазтест» жүйесі негізінде жүргізіліп, биыл аудан бойынша 1304 адам тестілеуден өтті. Олардың ішінде 201 мемлекеттік қызметші, 1103 бюджеттік сала қызметкері бар.
Мұндай оқыту курстары халықтың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, тіл саясатын жүзеге асырудың маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Тіл оқыту қурстары алдағы уақытта да өз деңгейінде жүзеге аса бермек.

Жанар Оразалиева,
«Алматы облыстық «Тіл» оқу — әдістемелік орталығының Қарасай аудандық филиалының меңгерушісі