Қонаев қаласында «Оқыту орталықтарының жұмысын жүйелендіру» тақырыбында облыстық жиын өтті.
Жиынның басты мақсаты – өңірдегі тіл оқыту орталықтарының жұмысын саралау, тәжірибе алмасу және үздік нәтижелерді анықтау болды.
«Оқыту орталықтарының жұмысын жүйелендіру» облыстық байқауының нәтижесі бойынша «Үздік меңгеруші» номинациясын Қарасай аудандық филиалының меңгерушісі Жанар Оразалиева иеленді. Сондай-ақ осы орталықтың қандастар тобының белсенді тыңдаушы Әсейін Болат Алғыс хатпен марапатталды.




