[um_weather city="Қонаев"]
Сенбі, Қаңтар 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында 2025 жылы жастарды қолдау шараларының нәтижесі шығарылды

    31.12.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Идеология
    Алматы облысында 2025 жылы жастарды қолдау шараларының нәтижесі шығарылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысында 2025 жылы жастарды қолдауға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып, нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Жыл қорытындысы бойынша өңірде жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, білім беру, волонтерлікті қолдау және инфрақұрылымды жетілдіру бағыттарында ауқымды жұмыстар атқарылды.

    Ағымдағы жылы Алматы облысында 27 360 жас азамат жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 14 094 жас жеке бастамалар аясында еңбек етсе, 6 927 азамат «enbek.kz» порталы арқылы тұрақты жұмыс тапты. Ал жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 3 852 жас тартылып, жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, алғашқы жұмыс орны және ұрпақтар келісімшарты сияқты бағдарламалар іске асырылды.

    Өңірде NEET санатындағы жастар саны айтарлықтай қысқарып, 45 994 адамнан 27 074 адамға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 18 920 жасқа аз. Қазіргі таңда Алматы облысында 35 жасқа дейінгі жастар саны 432 мыңнан асады, бұл өңір халқының шамамен 30 пайызын құрайды.

    Жастардың кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында «Бизнес бастау» жобасы аясында 910 жас оқудан өтті. Өз ісін ашуға ниетті 91 жас азаматқа 400 АЕК немесе шамамен 1,5 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді. Сонымен қатар, 254 жұмыссыз жас қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жіберілді.

    2025 жылы өңірлік «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша 10 жасқа 10 млн теңге табысталды. Алматы облысы әкімінің «Заңғар» сыйлығымен 10 жас азамат 5 млн теңгеден марапатталды. Сондай-ақ, ауылдық жастармен жұмыс істейтін мамандарды қолдауға арналған «Umtylys» байқауы ұйымдастырылды.

    «Жасыл ел» жобасы аясында 1000 жас маусымдық жұмыспен қамтылып, оның 800-і ауыл жастары болды. Ал 2026 жылы тағы 1 мың жас азаматты маусымдық жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жастар еңбек жасақтарын құрылыс, аграрлық және инженерлік-техникалық бағыттар арқылы жаңғырту көзделген.

    Жыл ішінде Балқаш, Кеген, Райымбек және Қарасай аудандарында 4 жаңа жастар орталығы пайдалануға берілді. Қонаев қаласында жастарға арналған коворкинг орталығы ашылды. Алдағы жылы Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында тағы 4 жастар орталығын іске қосу жоспарланып отыр.

    Алматы облысында волонтерлік қызметті дамыту мақсатында volunteers05.kz электронды платформасы іске қосылып, 3 мың белсенді волонтерден тұратын база қалыптастырылды. Республикалық «Игі істер марафоны» аясында өңір «Ең мейірімді аймақ» номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығымен 5 волонтерлік ұйым марапатталды.

    Алматы облысында жүзеге асқан бұл бастамалар жастардың әлеуетін арттыруға, әлеуметтік белсенділігін күшейтуге және олардың тұрақты дамуына серпін беріп отыр.

    Ұсынымдар

    Чемпиондардың қара шаңырағы қараусыз қала ма?

    Чемпиондардың қара шаңырағы қараусыз қала ма?

    9 months ago
    Үздіктерді анықтайтын доп додасы

    Үздіктерді анықтайтын доп додасы

    5 months ago
    Паховая грыжа: почему важно не игнорировать симптомы

    Паховая грыжа: почему важно не игнорировать симптомы

    1 year ago
    Алматы облысында Наурыз мерекесі биыл қалай атап өтіледі?

    Алматы облысында Наурыз мерекесі биыл қалай атап өтіледі?

    3 years ago
    Халықтық штаб Алматы облысының жастарына АЭС салу мәселесін түсіндірді

    Халықтық штаб Алматы облысының жастарына АЭС салу мәселесін түсіндірді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>