[um_weather city="Қонаев"]
Жексенбі, Қаңтар 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Сенат және Мәжіліс депутаттары «Қапшағай бидай өнімдері» зауытының жұмысымен танысты

    06.01.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Парламент
    Сенат және Мәжіліс депутаттары «Қапшағай бидай өнімдері» зауытының жұмысымен танысты
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           ҚР Парламенті Санатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев, Закиржан Күзиев және Мәжіліс депутаттары Жанарбек Әшімжан мен Ардақ Назаров Қонаев қаласындағы жақында іске қосылған «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС жұмысымен танысты. Бұл – дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеуге маманданған агрокешен. Кездесуге кәсіпорын басшылығы, тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары да қатысты.

    Зауыттың жыл сайын 1 миллион тоннадан астам дайын өнім өндіруге мүмкіндігі бар. Жалпы инвестиция көлемі 15 миллиард теңгеден асады. 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған. Болашақта қызметкерлер санын арттыру көзделген. Толық циклді өндіріске элеватор, ұн, құрама жем және өсімдік майын шығаратын цехтар, шикізат пен дайын өнім қоймалары, зертхана, қазандық, локомотив депосы және асханасы бар әкімшілік корпус кіреді. Аумақта теміржол, тазарту қондырғылары, өрт инфрақұрылы­мы және екі бақылау-өткізу пункті орналасқан. Технологиялық жабдық ұн мен майдан бастап мал азығына дейін шығарады.

    Депутаттар мұндай өндіріс орындарының іске қосылуы өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға серпін беретінін атап өтті.

    – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне ерекше басымдық беріп келеді. Бүгінде инвестициялық жобаларға жер беру, газ, сумен қамтамасыз ету сияқты түйткілдерді шешуде тиісті жергілікті атқарушы биліктен көмек көп. Ал кәсіпорындар жұмыс орындарын ұсынып, әлеуметтік жағынан қолдау көрсетіп, тұрмыс сапасын жақсартуға үлес қосуы керек. Осыған орай Алматы облысындағы кәсіпорындардың, оның ішінде «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС-ның ахуалымен танысып, талап-өтініштерін назарға алдық. Қазіргі таңда әлемдік геосаяси жағдайдың қиындығы кәсіпкерлікке де әсерін тигізуде. Соған қарамастан Алматы облысындағы инвестициялық жобалар былтыр 25 пайызға артқан. Мұндай кәсіпорындар агроөңдеу саласында табысты нәтижеге жетуге, сол арқылы халық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді, – деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Ұсынымдар

    Әлеуметтік қолдау – басты назарда!

    Әлеуметтік қолдау – басты назарда!

    6 days ago
    Шетелдіктер ынтызар

    Шетелдіктер ынтызар

    2 years ago
    Кеген ауданындағы нөсер салдары тез арада жойылды

    Кеген ауданындағы нөсер салдары тез арада жойылды

    2 years ago
    «Өнегелі ұрпақ»: қала әкімі жалғызбасты ананың халін біліп қайтты

    «Өнегелі ұрпақ»: қала әкімі жалғызбасты ананың халін біліп қайтты

    2 years ago
    Әскери қызмет – абыройлы міндет

    Әскери қызмет – абыройлы міндет

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>