Перейти к содержимому
Главная страница » ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Алматы облысы әкімі міндетін атқарушының өкімімен Нұрлан Өмірханұлы Өмірханов облыстық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Нұрлан Өмірханұлы 1985 жылы туған. Білімі – жоғары, 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Сумен жабдықтау, су бұру және су ресурстарын қорғау» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы «Базис» жобалау институтында II санаттағы сумен жабдықтау және су бұру инженері қызметінен бастаған. Әр жылдары ­«Ай-Бек строй» ЖШС бас инженері, «Алматы су холдингі» МКК шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Су желісі» мекемесінде диспетчерлік қызметтің ауысым инженері және II санаттағы инженер, Алматы қаласы құрылыс басқармасының статист-маманы, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, «Томи» жеке кәсіпкерлігінде құрылыс учаскесінің бастығы, «Асу строй ЛТД» ЖШС инженерлік желілер құрылысы учаскесінің бастығы – техникалық директор, сондай-ақ «Alatau Public Utilities» ЖШС өндірістік департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
2025 жылдың сәуір айынан облыстық энергетика және сумен жабдықтау басқармасында бөлім басшысы болды.