⛅
-21°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Қыстаудағы қызу еңбек

    15.01.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Қыстаудағы қызу еңбек
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Шалкөде ауылдық округінің малшылары маңызды науқанға биыл да іскерлікпен кірісуде. Қыстаулардағы қарқынды қимыл төрт түлікті қыс қаһарына ұрындырмай, шығынсыз алып шығуға негіз қалауда.

    Аспантау өңірінің құз-қия, жыра-жықпылын төрт түліктің өріс-қонысына айналдырған малсақ жандар бағымдарындағы мал санын асылдандыру арқылы көбейтуді қолға алғалы көп бола қойған жоқ. Солай дегенмен, нәтижесі жаман емес. Қазір алыс-жақын шетелдерден, республиканың әр аймағынан сатып әкелінген асыл тұқымды малдар таулы аймақтың аумалы-төкпелі ауа райымен үйлесім тауып, түлік санының көбеюіне өзіндік үлес болып қосылуда. Ал Шалкөде округінің ақтылы қой өсірушілері өткен жылдың күзінде бүгінде ұмыт бола бастаған қолдан ұрықтандыру тәжірибесін қолға алғаны көздеген мақсатқа қол жеткізуге жол ашып отырғанын айтқан орынды. Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен іскерлік байланыс орнатқан ауылдық округке қазан айында аталған институттың арнайы мамандары келіп, «Тур-ферма» аталатын шаруа қожалығындағы 6500 бас саулықтың 1200 басын қолдан ұрықтандырды. Нұрбол Тұрбеков жетекшілік ететін бұл қожалық өткен жылы Франциядан асыл тұқымды қойлар мен қошқарлар сатып әкелген болатын. Ұрықтандыру жұмысы сол асыл тұқымды ұсақ малдарды жерсіндіруге бағыттала отырып жүргізілді. Негізгі жетістігі көктемде анықталады дегенмен, ұрықтандыру жұмысына ерекше ден қойылуы мақсатты іске деген сенімді нығайтып отырғаны анық.
    Қыс қамын жаз ойлайтын шалкөделік малшылар өткен жылы қолда бар төрт түлік үшін 31500 тонна шөп, белгіленген мөлшерде жем дайындаған еді. Осы дайындалған жем-шөп бүгінгі таңда округ есебіндегі 38325 қой-ешкі, 5549 ірі қара, 5579 бас жылқының қыс сынынан қысылмай шығуына негіз қалауда.
    – Биыл Шалкөде өңіріне қыстың қаталдығы онша сезіліп отырған жоқ. Дегенмен, қыс жайлы болды екен деп арқаны кеңге салуға болмайды. Малшылардың сыналар шағы алда. Осыны жете сезінген малшы қауым қолда бар азықты үнемдеуге мүдделілік танытуда. Мал санын өз төлі есебінен көбейтуге ден қойған төрт түлік иелерінің қыс сынынан сүрінбей өтіп, көздеген межеден көрінулеріне сенімдері нық, – дейді ауылдық округ әкімі Олжас Қиясұлы.
    Округтің Жыланды, Елтай аталатын өңірлерін қыстап отырған Ернат Жайықов, Мұхтар Рахметов, Әлібай Сұхаев бастаған атакәсіп иелерінің маңызды науқанға іспен жауап беріп, мал басын аман сақтауға деген құлшыныстары әкім сөзіне тұздық болғандай. Қыстаулардағы қым-қуыт еңбек дүбірі осыны аңғартады. Іске сәт, малсақ жандар!

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Ұлтын ұлықтаған

    Ұлтын ұлықтаған

    10 months ago
    Қамданған қапы қалмайды

    Елімізде су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

    12 months ago
    Ынтымақтастық негізі

    Ынтымақтастық негізі

    1 year ago
    Алғашқы келушіге сыйлық табысталды

    Алғашқы келушіге сыйлық табысталды

    3 years ago
    Өнім мол, сенім зор

    Өнім мол, сенім зор

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>