⚠️ API қатесі: cURL error 28: Operation timed out after 5001 milliseconds with 0 bytes received
Сәрсенбі, Сәуір 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жедел жәрдем береді

    15.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Жедел жәрдем береді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Іле ауданында медициналық қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Соңғы жылдары өңірдегі денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Жуырда Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов медицина ұйымдарына арналған жаңа санитарлық көліктердің кілтін табыстады.

    «JAC» маркалы төрт жаңа көлік ауылдық елдімекендерге жіберілмек. Бұл шұғыл шақыртуға дер кезінде жетуге, науқастарға жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге және ауыл тұрғындары үшін қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
    – Іле ауданы халқының саны жыл сайын өсіп келеді. Соған сәйкес елдімекендерде «Жедел жәрдем» көліктеріне деген сұраныс артты. Жаңа көліктер ауылдық округтердегі шұғыл медициналық көмек жүйесін айтарлықтай күшейтеді деп сенеміз, – деді Іле аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Нұрлан Нұртайұлы.
    Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту аясында бірқатар маңызды жоба іске қосылды. 2025 жылы Көктерек ауылында фельдшерлік-амбулаториялық пункт пайдалануға берілді. Ал биыл қаңтар айында тағы екі амбулаторияны ашу жоспарланып отыр.
    Медициналық мекемелер кезең-кезеңімен жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Атап айтқанда, магниттік-резонанстық томография (МРТ) аппараттары, ангиографтар, сондай-ақ онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған диагностикалық құрылғылар сатып алынуда. Бұл қауіпті дертті ерте кезеңде анықтап, тиімді ем жүргізуге жол ашады. Сонымен қатар ауданда ветеринария саласына да айрықша қолдау көрсетілуде. Әлеуметтік маңызы бар салаларды қолдау мақсатында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы лизингтік қаржыландыру тетігі іске қосылып, нәтижесінде ветеринарлық қызметке арналған алты арнайы техника алынды.
    Қарой ауылдық округінің ветеринарлық меңгерушісі Бағдат Мырзахановтың айтуынша, жаңа техниканың келуі жұмыс тиімділігін арттырған.
    – Бізге соңғы рет техника 2013 жылы берілген еді. Уақыт өте келе көліктер тозып, жол жүру қиындап, жұмыс баяулады. Қарой ауылдық округі – мал шаруашылығы дамыған ең ірі аймақтардың бірі. Бір бағытта 200 шақырымға дейін жол жүреміз. Осы мәселені ескеріп, қолдау көрсеткен облыс және аудан басшылығына алғысымыз шексіз, – деді ол.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы саласындағы ынтымақтастық
    22.04.2026
    Жастар орталығы ашылды
    22.04.2026
    Ел алдындағы есеп
    22.04.2026
    Глава государства подчеркнул недопустимость избирательного подхода в экологических вопросах
    22.04.2026
    Президент призвал к последовательному соблюдению норм Устава ООН
    22.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>