☀️
-2°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлт мұрасын ұлықтаған

    17.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Ұлт мұрасын ұлықтаған
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

         Еңбекшіқазақ ауданындағы Көктөбе орта мектебінде Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, жыршы, қолөнер шебері Балтабай Ыбырайұлы атындағы тарих кабинеті ашылды.

    Өскелең ұрпаққа кешегі күннің тасқа басылған тарихы, халқымыздың салт-дәстүрі, озық мәдениеті мен бай әдебиеті, қолөнері жайында терең, әрі жан-жақты мағлұмат беру маңызды. Әсіресе қазіргі техника заманында жасөспірімдерді ұлттық құндылықтарға негізделген білім, тәлім-тәрбиемен сусындатып, өткеннен өнеге беру – аға буын борышы. Осы орайда мектеп қабырғасында қолға алынып, жемісті нәтиже беріп келе жатқан жобалар жеткілікті.
    Кабинеттің салтанатты ашылуында сөз алған мектеп директоры Майгүл Дәулетова: «Бүгінде мектепте 22 жоба жұмыс істеп келеді. Барлығы да оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін кеңейтуге, балаларға үлгі-өнеге көрсетіп, тәрбиесіне ден қоюға бағытталған. Соның бірі – тарих пәні бірлестігі қолға алған «Атадан мұра» жобасы. Тарих пәні мұғалімі Ғазиза Қырбасованың жетекшілігімен аталған жоба аясында тарих кабинетіне ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мен дәріптеу, жыраулық дәстүрді насихаттауға бір кісідей атсалысқан ардақты азамат, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын, киіз үй мен ат әбзелдерін жасаудан бесаспап шебер Балтабай Ыбырайұлының есімі беріліп отыр», – деді.
    Бүгінде жетпіс жасқа келген Балтабай Ыбырайұлы күні кешеге дейін 13 жыл «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде еңбек етті. Оған дейінгі 25 жылда ауданның мәдениет бөлімінде жемісті жұмыс істеп, ауылдық Мәдениет үйлерін басқарған. 1989 жылы облыстық, 1990 жылы республикалық жыршы-термешілер конкурсының лауреаты, 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарсаңында өткізілген «Үкілі домбыра» конкурсының тұңғыш жеңімпазы атанған. Мәдениет десе, ішкен асын жерге қоятын ол АҚШ, Франция, Түркия сынды мемлекеттерде еліміздің бай мұрасын дәріптеуге мол үлес қосты.
    Еңбекке ерте араласқан Балтабай Ыбырайұлы қолөнерді де жанына серік етіп, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын, ат әбзелдерін, саятшылыққа керек-жарағын жасайды. Оның қолынан шыққан дүниелері, жинақтаған мәдениет пен әдебиеттің озық үлгісі болар мұраларынан кабинетте көрме ұйымдастырылып, көпшілікке таныстырылды.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Іс тетігін тапқан

    Іс тетігін тапқан

    4 months ago
    Қарасудағы қуаныш

    Қарасудағы қуаныш

    2 years ago
    Ардагер: Аудан болашағы үшін маңызды сәт

    Ардагер: Аудан болашағы үшін маңызды сәт

    6 months ago
    Көне өркениеттің киелі ордасы

    Көне өркениеттің киелі ордасы

    8 months ago
    Қаржыгерлер марапатталды

    Қаржыгерлер марапатталды

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>