⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Наурыз 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    МАЛ ҚЫСТАТУ – ЖАУАПТЫ ІС

    20.01.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    МАЛ ҚЫСТАТУ – ЖАУАПТЫ ІС
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

        Жылдың төрт мезгілінде де ат үстінде жүретін малшылар қауымының жұмысы қыс айларында күрделене түсетіні бәрімізге мәлім. Осы кезеңде мал қыстату сынды жауапты науқан алдыларынан көлденеңдеп шығады. Жауапкершілігі жоғары науқанда мал өсірумен айналысатын шаруашылық иелері арқаны кеңге созып, жайбарақат жүруіне әсте болмайды.

    Балқаш өңірінде төрт түлігін түлеткен ірілі-ұсақты бірқатар шаруашылықтар бар. Аудан көлемінде 115 бас түйе, 31897 бас жылқы, 117270 бас ірі қара және 106439 бас қой-ешкі өрістеуде. Қысқы мал азығы ретінде 40 000 тонна шөп, 26 000 тонна жем, 60 000 тонна сүрлем және 27 000 сабан дайындалған.
    Мал қыстату науқаны аудан басшысының тікелей назарында тұрғандықтан ауылшаруашылық мамандары бұл жұмысты үнемі бақылауына алып отырады. Осы мақсатта жауапты сала мамандарымен Ақдала ауылдық округіне қарасты «Ерлан» шаруа қожалығына арнайы барып қайттық.
    Аталмыш қожалыққа атбасын бұрға­нымызда шаруашылықтың төрағасы Бейбіт Бегімжанов үлкен ағасы Әнуармен атқарылып жатқан істер жайында әңгіме өрбітіп тұр екен. Ол алыстан ат терлетіп келген газет тілшісін көргенде жауапты һәм күрделі науқанды қалай еңсеріп жатқаны жөнінде баяндай жөнелді.
    Бейбіттің айтуынша, қысқы мал азығын дайындау жұмысын жүйелі жүргізіп, жаз айларында 80 тонна жем, 80 орама жоңышқа шөбін және 70 орама табиғи шөптер даярлап алған. Мал қыстату науқанына ерте қамданған шаруашылықта қысқы мал азығы жеткілікті екен.
    Тынымсыз еңбектің толағай жемісін көріп отырған шаруашылық төрағасы көмекші шопанның отбасы жайдайына байланысты сұранып кеткенін және оларға барлық қажетті жағдайды жасап отырғанын тілге тиек етті.
    Әңгіме барысында Бейбіт Әліпбайұлы «Ерлан» шаруа қожалығы 1998 жылы Әліпбай әкесінің көзі тірісінде құрылғанын және бүгінгі таңда шаруашылығында 30 бас жылқы, 120 ірі қара және 140 бас қой-ешкі бар екенін айтты. Ауызбірлігі жарасқан ағайынды жігіттер мал қыстату, төлдету және қысқы мал азығын дайындау жұмыстарын үнемі бірлесіп атқарады.
    Шаруашылықтың басы-қасында Бейбіттің өзі жүргендіктен өмірлік жары Сәуле Бекжігітова да сол жерде малды ауылдың күйбең тірлігін бірге атқарады. Төрт түлік мал өсірумен айналысатын шаруалар жылдың төрт мезгілінде де тыным таппай еңбек етеді. Сондықтан да бұл жауапты істе де олар қырағылық танытуда. «Қыстай берсе – қыспай берсін» деген қанатты сөзді тірек еткен жандар бұл жауапты науқанның да өз дәрежесінде өтеріне сенімді.

    Бақтығали ДӘУІТБАЙ
    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысы «Жер сағаты» акциясына қатысады
    28.03.2026
    Жаңа визит-орталығы ашылды
    28.03.2026
    Іле ауданында ауқымды сенбілік өтті
    28.03.2026
    Жастар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті
    28.03.2026
    Алатау қаласында жалпыхалықтық сенбілік өтті
    28.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>