☀️
19°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Руханиятсыз реформа болмайды

    20.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Лебіз, Мәдениет
    Руханиятсыз реформа болмайды
    0
    SHARES
    88
    VIEWS

    Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен өнерді мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдарының бірі ретінде атап өтіп, «Қоғамның санасы жаңғырмаса, реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді. …Сондықтан біз руханият мәселелеріне айрықша мән береміз. Бұл салада бұрын-соңды болмаған ауқымды шаруалар қолға алынады» – деді.

    Мемлекет басшысы Алматы облысында қазақ драма театры ашылатынын, бұдан бөлек, екі жылдың ішінде елімізде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделетінін тілге тиек етті. Бұл – мәдениет саласына, ұлт болашағына жасалатын қомақты қолдау. Өйткені үлкен қалалармен қатар, шалғай ауылдарда мәдениет нысандары болмаса, мәдениет саласына, өнерге қолдау көрсетілмесе, онда мәдениетті қоғам, өнерлі жас қайдан шығады?!

    Сондай-ақ Президенттің «Әлем елдері қазіргі қазақ өнерін ерекше құбылыс деп бағалайтын болды. Жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігімізді өнерімен айшықтап, ұлтымызды жаһан жұртына танытуы – зор мақтаныш» деген сөзінде жастарға деген үлкен үміті мен қазақтың өнері, ұлттық құндылықтарымызды әлемге танытып жүрген еңбегі мен күш-жігеріне деген зор алғысты аңғаруға болады.

    Еліміздің рухани-мәдени мұрасын әлемге таныту туралы бастамалар бұған дейінгі құрылтайларда да көтерілді. Соның негізінде аса құнды «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енді. Ал биыл «Маңғыстаудың жерасты мешіттерін» ұйым тізіміне қосу мәселесі қаралып жатыр екен. Сонымен қатар Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керектігін айтты. Осы орайда Президент Қазақстан материалдық емес мәдени мұралар тізіміне өз нысандарын белсенді түрде енгізіп жатқан 25 елдің қатарына кіретінін де зор мақтанышпен атап өтті. Бұл біздің сан ғасырлық тарихымыз бен мол мәдени мұрамыздың, рухани құндылықтарымыздың уақыт тезінен жоғалмай, ұрпақтан-ұрпаққа жете беруінің бір кепілі болмақ. Мұны Қасым-Жомарт Кемелұлы «Басты міндет – халқымыздың баға жетпес қазынасы – ұлттық мұрасын сақтап, ұрпаққа табыстау», – деп нақтылап түсіндірді. Кейінгі ұрпақ ұлттың өткен тарихын біліп, мәдениетінен сусындай алғанда ғана ұлттық рухын сақтап, болашаққа нық қадам жасамақ.

    Бауыржан ШАЯХМЕТОВ,

    Т.Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет үйінің директоры

    Соңғы жаңалықтар

    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНДТЕРМЕН ТАНЫСТЫ
    06.04.2026
    Аймақ абыройын асырды
    06.04.2026
    Жерлестер жеңіс тұғырында
    06.04.2026
    «Серпін» сенім ұялатады
    06.04.2026
    Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде
    06.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>