⛅
23°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Өзекті мәселелер талқыланды

    20.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Лебіз
    Өзекті мәселелер талқыланды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Ұлттық құрылтайдың V отырысында елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық, рухани дамуына қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірпалаталы Парламент құру және оны «Құрылтай» деп атау туралы ұсыныс айтып, осыған орай референдум өтетінін атап өтті. Бұл елдің басқару жүйесін тиімді етуге және саяси тұрақтылықты күшейтуге бағытталған маңызды қадам болмақ. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайды таратып, Халық кеңесін құру идеясы ұсынылды. Аталған бастама мемлекеттің халық пікіріне құлақ түріп, азаматтардың маңызды мәселелерде үн қосуына, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты берік етуге мүмкіндік береді. Мәдениет пен өнер саласы да басты назарға алынып, мәдениет ошақтары, театр мен музей, кітапхана ісіндегі, кино саласындағы жетістіктер, маңызды міндеттер атап өтілді. Ұлттық рәміздерді дұрыс пайдалану жайы да сөз болды. Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғамда резонанс тудырған Нұрай есімді бойжеткеннің мәселесін де тілге тиек етіп, әрбір азамат заң талаптарына бағыну керегін айтып, істі мұқият тексеруді тапсырды. Сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін толық пайдалану үшін жасалып жатқан жұмыстарды баяндап, олардың сапалы әрі уақытылы орындалуын бақылауда ұстайтынын мәлімдеді. Осылайша Ұлттық құрылтайдың V отырысы басқару жүйесінің тиімді моделін қалыптастыру, қоғам мен билік арасындағы байланысты күшейту, құқықтық тәртіпті сақтау, ұлттық нақыштарды ардақтау сынды өзекті тақырыптар талқыланған маңызды жиын болды.

    Ерболат Тұрымбетов, 

    Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

    Соңғы жаңалықтар

    Аналар қуанышы ортаймасын!
    04.04.2026
    Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті
    04.04.2026
    Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова названы самыми безопасными странами
    04.04.2026
    Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру
    04.04.2026
    Экожүйені реттейді
    04.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>