☀️
17°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 29, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіби әрі теңгерімді комиссия

    22.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Лебіз
    Кәсіби әрі теңгерімді комиссия
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Конституциялық реформа – ел дамуының келесі кезеңін айқындайтын аса маңызды қадам. Осындай жауапты міндетті жүзеге асыру үшін құрылған Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамы оның алдына қойылған мақсаттың ауқымына толық сай келетінін көрсетеді.

    Комиссия құрамына 120-дан астам азаматтың енуі – бұл жай ғана сандық көрсеткіш емес. Ең бастысы, оның сапалық құрамы ерекше назар аудартады. Мұнда заң ғылымының белді өкілдері, тәжірибелі конституционалистер (В.Малиновский, Л.Жақаева, Е.Дүйсенов, С.Ударцев және т.б.), Парламент депутаттары (А.Сарым, С.Пономарев, Н.Сәбильянов және т.б.), мемлекеттік басқару саласының кәсіби мамандары, бизнес қауымдастық, азаматтық сектор, медиа және сарапшылар қауымының өкілдері бір алаңда тоғысқан. Бұл – реформаның тек бір саланың немесе бір топтың мүддесіне емес, бүкіл қоғамның сұранысына негізделіп жүргізілетінің айқын дәлелі.

    Комиссияның тағы бір маңызды ерекшелігі – оның теңгерімділігі. Құрамда елдің барлық өңірлерінен өкілдердің болуы өңірлік мүдделердің ескерілетінін білдіреді. Сонымен қатар гендерлік тепе-теңдік сақталып, әр салада өзін дәлелдеген білікті әйел мамандардың тартылуы қоғамдағы инклюзивтілік қағидаттарының іс жүзінде көрініс тапқанын аңғартады.

    Комиссия мүшелерінің басым бөлігі заң шығару, қоғамдық басқару, сараптамалық және ғылыми қызмет салаларында мол тәжірибеге ие. Ал оны басқарып отырған мемлекеттік менеджерлердің практикалық білімі мен ұйымдастырушылық қабілеті көпқырлы пікірлерді бір арнаға тоғыстырып, нәтижелі шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

    Жалпы алғанда, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамы – кәсібилік пен өкілділіктің, тәжірибе мен қоғамдық сенімнің үйлескен үлгісі. Мұндай құрам ел болашағы үшін айрықша мәнге ие реформаның сапалы, жан-жақты және уақытылы жүзеге асуына берік негіз қалайды.

    Бибігүл Абдилова,

    Ұйғыр аудандық мәслихатының депутаты

    Соңғы жаңалықтар

    Есік қаласында сенбілік өтті
    28.03.2026
    Алматы облысы «Жер сағаты» акциясына қатысады
    28.03.2026
    Жаңа визит-орталығы ашылды
    28.03.2026
    Іле ауданында ауқымды сенбілік өтті
    28.03.2026
    Жастар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті
    28.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>