☀️
17°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 29, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Конституциялық реформа: қоғам сеніміне негізделген жаңғыру

    22.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Лебіз
    Конституциялық реформа: қоғам сеніміне негізделген жаңғыру
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    20 қаңтар күні Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде мемлекетті басқару формасына ауқымды конституциялық реформа жасалатынын мәлімдеді. Президент реформа аясында қазіргі Парламенттің құрылымы мен құрамын, атауы толық өзгертуді ұсынды. 

    Жалпы, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа – мемлекеттілікті нығайтуға, басқару жүйесін заман талабына сай жетілдіруге бағытталған стратегиялық үдеріс. Осы тұрғыдан алғанда, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрылуы мен оның құрамы бұл бастаманың мазмұндық тереңдігін айқын көрсетеді.

    Комиссияны Конституциялық сот төрағасының басқаруы – реформаның құқықтық негізге сүйеніп, институционалдық сабақтастықпен жүргізілетінінің маңызды белгісі. Бұл 2022 жылғы саяси жаңғырудың заңды жалғасы ретінде қабылданады.

    Комиссия құрамының кең ауқымды әрі теңгерімді болуы ерекше назарға лайық. Онда мемлекет өкілдерімен қатар, өңірлердің мүддесін жеткізетін азаматтар, қоғамдық сектор, сарапшылар қауымы мен әртүрлі көзқарастағы кәсіби мамандар біріктірілген. Бұл – «Әділетті Қазақстан», «Еститін мемлекет», «Әртүрлі пікір – біртұтас ұлт» сияқты негізгі идеологиялық қағидаттардың нақты іске асуы.

    Маңыздысы – бұл комиссия белгілі бір саяси немесе ведомстволық шеңберде қалып қоймай, қоғамның сан қырлы үнін естуге бағытталған ашық алаң ретінде құрылып отыр. Азаматтардың ұсыныстары мен пікірлері ескерілетін тетіктердің болуы реформаның қоғамдық легитимділігін күшейтеді.

    Жалпы алғанда, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамы – кәсібилік, өкілділік және қоғамдық сенім үйлесім тапқан құрылым. Мұндай негізде жүргізілетін реформа елдің ұзақ мерзімді дамуына қызмет етіп, Қазақстанның демократиялық жаңғыру жолын нығайта түсетініне сенім мол.

    Қаныбек Айтжанов,

    «Аманат» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы

    Соңғы жаңалықтар

    Есік қаласында сенбілік өтті
    28.03.2026
    Алматы облысы «Жер сағаты» акциясына қатысады
    28.03.2026
    Жаңа визит-орталығы ашылды
    28.03.2026
    Іле ауданында ауқымды сенбілік өтті
    28.03.2026
    Жастар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті
    28.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>