[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    «Amal Bio» өнімдері сұранысқа ие

    24.01.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    «Amal Bio» өнімдері  сұранысқа ие
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Ару Алматының түбінде орналасқан Гүлдала ауылында алма өсірумен айналысатын «Amal Bio» атты компания бар. Әрине, нарық заманында тек бір өнім өндіру аздық ететіні анық. Сондықтан отбасылық бизнес ретінде құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің иелері Асқар Сабыров пен Динара Рүстембаева тек алма өсіріп қоймай, одан әртүрлі шырын өндіруді де жолға қойған. Ол үшін жан-жақты ізденіп, білімдерін шыңдауға, тәжірибе жинауға тура келген. Есесіне еңбектері зая кетпеген, қазіргі кезде «Amal Bio» еліміздегі ең табысты компаниялар қатарында.

    Асқардың айтуынша, алма өсіру идеясы оған кездейсоқ келмеген. Марқұм атасы Қуаныш ақсақал – ІІ Дүниежүзілік соғыстан оралған соң майдандас достарын ұмытпау үшін 100 түп алма ағашын отырғызып, оның әрбіріне қаза болған жауынгерлердің есімін береді. Сөйтіп, әрқайсысының қасына келгенде оны тірі досындай көріп, өзінше «тілдесіп» жүреді. Атасының бұл әрекеті немересіне үлкен ой салып, «атамның құрметіне алма өсіремін» деген ұйғарымға келеді. Сөйтіп ол Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащыбұлақ ауылында тұратын досынан 160 гектар жер сатып алып, қарқынды бау-бақша өсірумен айналыса бастайды. Оның үстіне күнде дүкен сөрелерінде тек поляк алмасын көріп жүрген ол сапалы отандық өнім өндіруге бел буады. Осылайша Маловодный ауылындағы «Бестөбе» деп аталатын жерде қарқынды бақтар пайда болды. Онда алманың 16 сорты өсіріледі, бақта 80 адам жұмыс істейді. Аумағы 150 гектар жерді алып жатыр, мұнда 600 мың түптен астам алма ағашы өсіп тұр.
    Кәсіп иелері АҚШ-тың Вашингтон штаты, Италия, Германия және Австрия елдеріне барып, алма бақтарын өсірудің озық технологияларын меңгереді.
    – Біз Италияда алма ағаштарының 12 сұрыбын таңдап, көптеген көшет сатып алдық. Жергілікті климатта қайсысы жақсы орнығатынын көру үшін соның бәрін отырғыздық. Бақытымызға қарай, барлық алма ағаштары құдды өз отанына келгендей, бірден тамыр жайып кетті. Сөйтіп алма ағаштарынан жоғары өнім алу үшін тамшылатып суару технологиясын енгізу туралы шешім қабылдадық, себебі бұл алма үшін өте жақсы. Оның үстіне Қазақстанда тұщы су мәселесі бар. Егер барлық бағбан тамшылатып суаруға көшетін болса, онда бұл түйткіл өте тиімді шешіледі, – дейді кәсіпкер.
    Оның түсіндіруі бойынша, бұл – олардың отбасылық бизнесі. Зайыбы Динара өздері өсірген алмадан шырын өндірумен айналысады. Түсі игіден түңілме дегендей, жүзі жылы келіншек бізді күлімдеп қарсы алып, алма сақтау технологиясы мен жұмыс үдерісі туралы кең түрде айтып берді. Компания аумағы 4 гектарды құрайтын жеке жеміс қоймасын да салып алған. Заманауи ғимараттың ішінде әрқайсысының сыйымдылығы 250 тоннаны құрайтын 12 камера бар. Оларда 3000 тонна алманы сапасы бұзылмаған балғын күйінде сауда нүктелеріне жібергенше бірнеше ай бойы сақтауға болады.
    Динара Рүстембаева сондай-ақ Германиядан сатып алынған жартылай автоматты желілер, сығу және тікелей сығу құралдары бар шырын өндірісі туралы да айтып берді. Мұнда жылына 300 мың литр мөлшерінде шырын өндіріледі екен. Ерлі-зайыпты кәсіпкерлер бұл өндірісті бастағанына үш жылға жуықтапты. Шырын шығару үшін тауарлық түрі төмен, басқаша айтқанда кондициялық емес алмаларды алатын көрінеді. Демек, әртүрлі себептермен езілген, қыршылған алмалар да зая болмайды деген сөз. Арнайы ыдыстарға құйылатын шырындар келісімшарт арқылы супермаркеттерге, балабақшаларға, мектеп асханаларына сатылады. Зауыт басшысы келешекте желілер санын, сол арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуды да жоспарлап отыр.
    Біз компанияның аты неге «Amal Bio» деп сұрағанымызда, Амал – олардың қызының есімі екенін білдік. Сондықтан осы есімге «Bio» сөзін қосып, кәсіпорынның атауына үміт, мүмкіндік, жаңғырған жаңа өмір деген нақты мағына сыйғызыпты. Түсінген адамға бұл да тапқырлық. Динараның айтуынша, қызы да компаниямен бірге өсіп, бойжетіп келеді.
    Компания үздік шетелдік мамандарды тарта отырып, алманың ең жақсы сұрыптарын селекциялық әдіспен шығару бойынша үлкен ғылыми жұмыс та жүргізіпті. Кәсіпорынның өз питомнигі мен тәжірибе бақшалары да бар. Мұнда «Amal Bio» командасы жұмыс істейді. Оның құрамында тек аграршылар ғана емес, сонымен қатар биологтар, химиктер де бар. Олар шетелдік сорттарды бейімдеп, біздің климатқа төзімділерін сұрыптайды. Өткен жылы қазақстандық көшеттерден алғашқы өнім алыныпты. Динара бізге сол «Апорт-Amal» деп аталатын алманың жаңа сортын көрсетті. Ол өнеркәсіптік мақсатта емес, түрлі фестивальдарда көрме өнімі ретінде көрсетіледі екен. Түрі қарбыз тәрізді қызыл болғанмен, онша тәтті емес, бірақ салатқа қосуға болатын көрінеді.
    «Amal Bio» ЖШС өнімдерін тек отандық сауда орындары ғана емес, сонымен қатар, Новосібір, Томск және Ханты-Мансийск қалаларынан да серіктестер сатып алады. Компания басшылығы келешекте көшеттерді экспорттау үшін Батыс елдерінде сұранысқа ие алма ағаштарының алты бірегей сортын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін олар қазір Вашингтон және Болон университеттерінің аграрлық факультеттерімен бірлескен жұмыс жүргізіп жатыр.
    – Жобалар көп, тек жұмыс істеу керек. Біз өзімізді сүйекті дақылдар өсіруде де сынап көргіміз келеді. Тәжірибелік бақтар аумағында түрлі сұрыптағы шие, қара өрік, өрік, шабдалы өсірілді. Әзірге өнеркәсіптік ауқымда желілер арқылы сату іске қосылған жоқ. Өнімді жергілікті тұрғындар мен алматылықтар сатып алып жатыр. Бұл да агробизнесті дұрыс жүргізудің жақсы мысалы. Біз бір нәрсемен шектеліп қалмай, өндірісті барынша әртараптандырғымыз келеді. Ең бастысы, біздің компанияда өнімді қайта өңдеуден бастап, сатуға дейінгі барлық тізбек жолға қойылған. Заманауи жеміс қоймасы – қазақстандықтардың маусымаралық кезеңде импортқа тәуелді болмайтынының айқын кепілі. Басқаша айтқанда, біздің аймақта әрқашан ел ішінде өндірілген өз жемістеріміз бен көкөністеріміз болады, – дейді Асқар Сабыров.
    Тағы бір нәрсені атап айтқан жөн, бұл фирмада өсірілген алма жоғары сапасы және қолжетімді бағасымен ерекшеленеді. Компанияда негізінен қазіргі заманғы технологияларды шетелде меңгерген жас мамандар жұмыс істейді. Бұл тәжірибе болашақта да жалғасын таппақ.
    Осылайша Асқар мен Динара бастаған шағын кәсіп бүгінде 100-ден аса адамды жұмыспен қамтып отырған үлкен өндірістік компанияға айналды. Ең бастысы, оның игілігін ел көруде.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Қазақ киносының корифейі

    Қазақ киносының корифейі

    2 years ago
    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    4 months ago
    “Олқылықтан сабақ алуымыз керек”

    “Олқылықтан сабақ алуымыз керек”

    2 years ago
    АЭС – энергия ресурстарына тәуелділікті азайтады

    АЭС – энергия ресурстарына тәуелділікті азайтады

    1 year ago
    АХАҢНЫҢ ЖОЛЫН ҚУҒАН

    АХАҢНЫҢ ЖОЛЫН ҚУҒАН

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>