☀️
12°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Тіл – рухани қазына

    24.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Тіл – рухани қазына
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің, ұлттық болмыстың, тәуелсіздіктің басты тірегі. Осы ұстанымды басшылыққа алған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалы мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы өңірде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында ауқымды әрі жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармамен меморандумға қол қойылып, бірлескен жоспар аясында нақты нәтижеге бағыт­талған іс-шаралар қолға алынды. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, көрнекі ақпараттағы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету атқарылған жұмыстардың негізгі өзегі болды.

    Қонаев және Алатау қалаларында, сондай-ақ аудан орталықтары мен халық көп шоғырланатын орындарда тарихи тұлғалар тізіміне енген 16 тұлға туралы және 2025 жылғы мерейтой иелерінің өмірбаяны жайлы екі тілде жазылған ақпараттық плакаттар әзірленіп, көпшілікке қолжетімді орындарға ілінді. Бұл бастама тұрғындардың тарихи сана­сын қалыптастыруға, тұлғатану білімін арттыруға ықпал етті. «Қазақ тілі» қоғамының белсенді мүшесі Наталья Батракова «Қазақша сөйлесейік» атты жаңа жоба ұсынып, жыл бойы интернет желілерінде қазақ тілін үйретуге арналған сабақтарын тұрақты түрде жариялап отырды. Аталған жоба мемлекеттік тілді этнос өкілдері арасында насихаттаудың тиімді үлгісіне айналды. Облыс орталығы Қонаев қаласы бойынша жарнама агенттіктеріне көше аншлагтарын жазу және орналастыру жөніндегі ереже мен көше атаулары және ғимараттардың реттік нөмірі көрсетілетін аншлагтың үлгілері таратылып, арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мемлекеттік тілді насихаттау ісіне ерекше үлес қосқан азаматтарға арналған «Тіл жанашыры» төсбелгісі дайындалып, бірқатар белсенді марапатталды. Қонаев қаласының көшесіне «Тіл – әр ұлттың ең қымбат қазынасы» деген мазмұндағы баннер ілініп, көпшілік назарын тіл мәселесіне аударуға бағытталған маңызды қадам жасалды.
    «Қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында облыстық тілдерді дамыту басқармасы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалы, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйым­дастыруымен дөңгелек үстел өтті. Шара аясында «Дәмхана мәзірі» тақырыбында арнайы ақпарат дайындалып, кәсіпкер­лерге таратылды. Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай хәкімнің нақыл сөздері жазылған баннер ілінді. Сонымен қатар Қонаев қаласының қоғамдық көлік­теріне де осындай плакаттар орналастырылып, Абай өлеңдерін аудио форматта насихаттау жөнінде ұсыныс енгізілді.
    Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында облыстық филиал облыстық тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп «Тіл тазалығы» жобасын жүзеге асыруды бастады. Жоба өңірдегі кәсіпкерлік мекемелеріне көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде және қолданыстағы заңнама талаптарына сай орналастыруға, жарнама мен ас мәзірін дайындауда әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған. Бұл бастама мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, сапалы тілдік орта қалыптастыруға және кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік берді. «Алматы – Қонаев» тасжолының бойында әйгілі күйші, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілген ауылға апаратын жол көрсеткіштерінде «Н.Тлендиев» деп қате жазылған екі ақпараттық тақтадағы олқылық дер кезінде түзетілді. Абайдың 180 жылдығына арналған «Абай оқулары» байқауына қоғам атынан Наталья Батракова қатысып, ынталандыру сыйлығына ие болды. Сондай-ақ аудан төрағалары арасында өткен ұлы Абайға арналған челлендж әзірленіп, басқа да мазмұнды материалдармен бірге әлеуметтік желілерге жарияланды.
    «Қонаев – Алматы» тасжолындағы «Учебный центр»» деген атаумен жазылған ақпараттық тақтада «Тіл туралы» Заңның 21-бабының талаптары бұзылғаны анықталып, қазіргі уақытта ол заңға сәйкес түзетілді. Бұдан бөлек, «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты республикалық байқауға облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары қатысып, ІІІ жүлделі орынға ие болды. Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Қонаев – Алматы» тасжолына ұлт ұстазының нақыл сөзі жазылған мазмұнды баннер ілінді. 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай, қоғам жұмысына белсене атсалысқан азаматтарға Алғыс хат табыс етілді. Қазан айында өткен ұлттық диктантқа облыс аумағынан 1354 адам қатысып, тілге деген жауапкершілігін көрсетті. Ал 14 қараша күні 150-ден астам қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қатысуымен аймақтық «Тіл» форумы өтті. Сонымен қатар кәсіпкерлік нысандарда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жарнама мен көрнекі ақпарат құралдарындағы тіл нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қонаев қаласы бойынша 150 нысан зерделеніп, оның 121-інде анықталған кемшіліктер түзетілді. Кәсіп иелеріне «Тіл туралы» Заң талаптары жан-жақты түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Жүйелі жұмыс, нақты нәтиже және қоғамдық қолдау – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің басты кепілі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Күләйша Бейсембаева,
    Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
    Алматы облыстық филиалы
    төрағасының орынбасары

    Соңғы жаңалықтар

    “Stop Corruption” — адал қоғамға бастар жол!
    19.03.2026
    Казахстан вошёл в топ-40 экономик мира – данные международных аналитиков
    19.03.2026
    Energo University мен ҚР Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімі арасында стратегиялық серіктестік орнады
    19.03.2026
    Ақынның көзін көрген
    19.03.2026
    Ұлыс күні аясында
    18.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>