⛅
22°C
Қонаев
Сейсенбі, Сәуір 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қырағы жандар құрметке лайық

    27.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік, Қорғаныс
    Қырағы жандар құрметке лайық
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Еліміздің шекарасын күзету – шекарашыларға ғана жүктелмеген. Өйткені, Отанды қорғау – баршаға ортақ парыз. Әсіресе, «Шекараны бүкіл ел қорғайды» деген ұран шет өңірлердегі халыққа етене таныс. Ел шебінде дер кезінде қырағылық танытқаны үшін шекара басқармасы, департамент басшылары тарапынан және ҰҚК Шекара қызметі директорының бұйрығымен марапатталған ерікті жасақшылар да аз емес. Дегенмен, 2025 жылдың көрсеткіші бойынша дараланған 30-ға тарта ерікті жасақшы облыс әкімінің ақшалай сыйлығын иеленгені алғаш рет…                                                                                                                                                                                                                                         ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің учаскесіндегі Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Нарынқол» шекара бөлімшесінің тарихы 1921 жылдан басталады. Осыған қарап-ақ, біз жоғарыда тілге тиек еткен «Шекараны бүкіл ел қорғайды» ұранының күні кеше пайда болмағынын бағдарлаймыз. Тағы мұны осы өңірде туған балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев та өзінің шығармаларында айқындай түседі. Мәселен, жазушының «Бурыл» деген әңгімесінде: «…Осы поселіктің тап іргесінде, су бойында шекаралық застава бар. Ондағы шекарашылар мен колхоз адамдары бауырмал, аралас-құралас. Қажет болған жағдайда шекарашыларға көмек етіп, қол ұшын беру үшін колхозшылардан құрылған жасақшылар тобы бар. Оның басқарушысы да осы Кәрім. Соңғы бір-екі жылда жай адамдардан құрылған бұл топ айласын асырмақ болған бірнеше шекара бұзушыларды ұстап, заставаға табыс етті. Ұсталғандардың ішінде не бір сұм-сұрқия қауіптілері де бар көрінеді…» – деген жолдар бар. Өзінің өміршең шығармаларымен оқырманын әп-дегеннен баурап алатын Бердібек ағамыздың қаламына арқау болған  жасақшыларды «кешегі, бүгінгі» деп бөліп-жаруға болмайды. Міне, ғасырдан асып барады, жергілікті тұрғындардың шекарашыларға көмек қолдарын созып, ауыл шетінен өткен бейсауат адамды көрген бойда шекаралық бөлімшеге дереу хабар беретіні…

    Өткен жылдың айшықты оқиғалардың бірі ретінде Алматы облысының шекаралық өңірлеріндегі Райымбек, Кеген, Ұйғыр және Жамбыл аудандарының 30-ға тарта тұрғыны облыс әкімінің ақшалай сыйлығымен марапатталғанын айта аламыз. Олар осы аумақтағы шекара бөлімшелерімен тығыз қарым-қатынаста болып, құқықбұзушыларды ұстауға көмектескендері үшін зор ілтипатқа бөленді. Бұл қатарда шекарашылар күзететін учаскелерде мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысатын малшы, қойшы, диқандар бар. Әрине, оларды Райымбек және Қарасай ауданы бойынша шекара басқармаларының басшылары да марапаттап, алғыстарын жеткізді.

    Негізі, қолдарында «ерікті жасақшы» екенін растайтын куәлігі бар көмекшілер қырағылық танытып қана қоймайды, олардың арасында көктем шығысымен шекараға аттанатын барлау-із кесу топтарына жол бастаушы болатындар да кездеседі. Таудың әрбір сайы мен жотасын, соқпағы мен шатқалын өзінің бес саусағындай білетін олардың шекарашыларға тигізетін көмектері зор. Осы орайда біз дүние есігін жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туған ауылында ашқан, өңірге аты жайылған аңшы Дәулет Дәулетбаев ағамызға тоқталмай кете алмаймыз. Өйткені, Нарынқолдағы ерікті жасақшылардың «абызы»  деп атауға әбден лайықты Дәулет ағамыз өзінің саналы ғұмырында қаншама шекара бұзушыны ұстауға көмектесті.

    Міне, осылайша шекарашылардың бір жағына шығысып, бұған дейін кеудесіне медаль тағып, Мақтау қағаздары, бағалы сыйлықтармен марапатталып келген ерікті жасақшылар бұдан былай облыс әкімінің ақшалай сыйлығын иеленетін болады. Дараланса, әрине! Сондықтан, қырағылық пен отаншылдық рух – шекарашыларға ғана тән қасиет емес. Мұны өзін ел шебінде шекарашы санайтын жергілікті тұрғындар қатарынан да кездестіресіз.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

    ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Соңғы жаңалықтар

    Шомылу маусымына дайындық күшейеді
    07.04.2026
    Алматы облысында жолаушы тасымалы жақсарады – әкімдік
    07.04.2026
    Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды
    07.04.2026
    Қапшағай су қоймасында балық аулауға уақытша тыйым салынды
    07.04.2026
    СӨЗ КИЕСІН ҰҒАЙЫҚ!
    07.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>