-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Испанияның 11 дүркін чемпионын тізе бүктірді

    20.07.2023
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Спорт
    Испанияның 11 дүркін чемпионын тізе бүктірді
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Испания мемлекетінің астанасы Мадрид қаласында грек-рим күресінен жастар арасында халықаралық турнир өтті. Әлемнің 15 мемлекетінен 125 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар да сынға түсіп, ел қоржынына 4 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль салып, командалық есепте ІІ орынды иеленді.

    Ел қоржынына алтын медаль салған спортшының бірі – Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжінің студенті, Қазақстан спорт шеберіне үміткер, республикалық ұлттық құрама командасының мүшесі, Балқаш ауданынан шыққан жерлесіміз Бекарыс Мейрамбек.
    Ол 55 кг салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, қарсылас шақ келтірмеді. Ақтық сайыста Испания мемлекетінің 11 дүркін чемпионы атанған атақты балуанымен белдесіп, 6:9 есебі бойынша айқын басымдықпен жеңді.

    Испания мемлекетінде Қазақстанның Көк байрағын желбіретіп, ел абыройын асқақтатқан спортшы жайында айтар болсақ, ол Ақдала орта мектебінің түлегі. Жастайынан спортпен айналысқан Бекарыстың алғашқы жеңістері аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шұғылданып жүргенде басталған. Көптеген облыстық, рспубликалық чемпионаттарда жеңіс тұғырынан көрініп, жаттықтырушылардың үкілі үміттерін ақтап, республикалық спорт колледжіне арнайы жолдама арқылы түсіп, мемлекеттік грант иегері атанды.

    Жас балуанның болашағынан үміт күткен алғашқы жаттықтырушылары аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Хамит Сембаев пен грек-рим күресінің жаттықтырушысы Назтай Мейрамбек, қазіргі жаттықтырушылары Боранбек Қоңыратов пен Дидар Керімбаев Бекарысқа зор сенім артып отыр.

    Спортшылар осындай үлкен жарыстарға қатысу арқылы шыңдалып, тәжірибе жинақтайды. Сондықтан, жас спортшыларды шет мемлекеттерде өткізілетін халықаралық жарыстарға қатыстырып, әлем чемпионаттарында жүлделі орындар алу үшін тыңғылықты дайындау керек.

    Ауылдың қарапайым қара баласы Испания мемлекетіне барып, аудан абыройын асқақтатады деп кім ойлаған?! Бұл біздің киелі өңірде мекендеген ата-бабаларымыздың қасиетті топыраққа қалдырған рухы шарапаты шығар? Ендеше, осындай жас спортшылардың байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрінуі жолында ата-баба рухы қолдай берсін деп тілейік.

    Күмісбек ЕРБАЕВ,
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 5 адам өрттен құтқарылды

    Алматы облысында 5 адам өрттен құтқарылды

    2 years ago
    Алматы облысында жаңа мектеп ашылды

    Алматы облысында жаңа мектеп ашылды

    2 years ago
    МСАК-ТЫҢ 550-ДЕН АСТАМ МАМАНЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖЫЛЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУҒА КІРІСТІ

    МСАК-ТЫҢ 550-ДЕН АСТАМ МАМАНЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖЫЛЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУҒА КІРІСТІ

    4 weeks ago
    Өңірде 140 нысанға аудиторлық тексеріс жүргізілді

    Өңірде 140 нысанға аудиторлық тексеріс жүргізілді

    3 months ago
    Қос шебер

    Қос шебер

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.