⛅
22°C
Қонаев
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Алматы облысында ат спорты түрлерінен “Жолан жүйрігі” дүбірлі додасы басталды

    21.07.2023
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Идеология, Мәдениет, Мемлекеттік қызмет, Өңір тынысы, Руханият, Саясат, Спорт
    Алматы облысында ат спорты түрлерінен “Жолан жүйрігі” дүбірлі додасы басталды
    0
    SHARES
    21
    VIEWS

    Райымбек ауданының Қарасаз ауылында бүгін ұлттық ат спорты түрлерінен «Жолан жүйрігі» республикалық жарысы басталды. Біріншілік әр жылдары Райымбек және Талғар аудандарының әкімі, Алматы облысында түрлі лауазымды қызметтер атқарған Жолан Омаровты еске алуға арналған.

    Қарасаз атшабарында басталған турнир бағдарламасында құнан бәйге (10 шақырым), топ бәйге (20 шақырым) және Аламан бәйге (35 шақырым), сонымен қатар қыз қуу, жамбы ату және теңге ілу сайыстары бар.

    Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне диплом, медаль, кубоктардан бөлек ақшалай сыйақы да қарастырылған. Аламай бәйгеде 1 орынға көлік, 2 орынға 1 500 000 теңге, 3 орынға 500 000 теңге тігілген. Топ бәйгеде 1 орынға көлік, 2 орынға 1 000 000 теңге, 3 орынға 500 000 теңге тігілген. Құнан бәйгенің жүлде қоржынында 1 орынға 1 500 000 теңге, 2 орынға 500 000 теңге, 3 орынға 200 000 теңге қарастырылған. Сайыстарда 1-7 орын алған қатысушыларға ақшалай жүлде табысталады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 2 көлік және 7 миллионға жуық теңгені құрайды.

    Дүбірлі дода еліміздегі ұлттар арасындағы достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту және ұлттық спортты насихаттау, ұлттық ат спортына қызығушылықты арттыру, жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, дәстүрлі ат бәйгесінің деңгейін көтеру мақсатында өткізіліп отыр. Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Райымбек ауданының әкімдігі, Алматы облыстық бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу орталығы, Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы, Алматы облыстық «Бәйге» федерациясы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жарысқа еліміздің барлық өңірінен және Алматы облысының аудандарынан шабандоздар қатысып жатыр.

    Жеңімпаз және жүлдегерлерді марапаттау салтанаты 22 шілде күні кешке өтеді.

    Ұсынымдар

    Ғасыр-ғұмыр

    Ғасыр-ғұмыр

    4 months ago
    Асылдың сынығын аналар күнімен құттықтады

    Асылдың сынығын аналар күнімен құттықтады

    2 years ago
    БҰҰ аптап ыстықты климаттың жылынуынан көреді

    БҰҰ аптап ыстықты климаттың жылынуынан көреді

    2 years ago
    Ала допты алақанда айналдырған байрақты бәсеке мәресіне жетті

    Ала допты алақанда айналдырған байрақты бәсеке мәресіне жетті

    1 year ago
    ТҰЛҒАҒА ТАҒЗЫМ 

    ТҰЛҒАҒА ТАҒЗЫМ 

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>