Бүгінгі күн – ертегі тарих. Ал еліміздің өркендеуі жолындағы әр қадам – болашақ үшін жасалған бағдар. Мемлекет басшысының Құрылтайдағы сөйлеген сөзінен кейін елімізде бірқатар реформаның жүрерін аңғардық. Олардың барлығының маңызының зор екенін сезіндік. Солардың арасында АтаЗаңымызға енгізілетін өзгерістер жайы бізді де ойландырмай қоймады.
Міне, бірнеше күннен бері Конституциялық комиссия өз жұмысын қалтқысыз атқаруда. Бүгін де бірқатар ой топшыланды, пікір ортаға салынды. Жаңа Конституция – егемендігімз бен тұтастығымыздың айқын бейнесі. Жаңа Ата Заң жобасында Қазақстанның егемендігін еңселі ететін, дербестігін нығайтатын іргелі ережелер қарастырылыпты. Осы мені ерекше қуантты. Біз тәуелсіздігімізді алғанымзға ғана риза болмауымыз керек. Оны дамытуымыз, өркендетуіміз қажет. Ұстаз ретінде мені ерекше алаңдататыны – балаларымыздың болашағы. Сондықтан жаңа Ата Заң еліміздің ертеңі болатын келешек ұрпақтың бейбіт мемлекетте, тұтастығы жарасқан елде, құқықтық республикада, ұлттық құндылығы ұлықталатын тарихи өлкеде өмір сүргенін қалаймын.
Жиында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекеттің дамуындағы стратегиялық міндеттерге жауап беретінін және Қазақстан мемлекеттілігінің негіздерін нығайтуға бағытталғанын айтты. Егер расымен жаңа ата заңымыз қоғам мен мемлекет эволюциясының жаңа бір кезеңін ашуға ықпал етсе, онда еліміздің ертеңінің жарқын болары сөзсіз. Ендеше біз де жаңа Конституциямыз жаңашылдыққа, жаңаруға, әділеттілікке қызмет етсе екен деп тілейміз.
Жеңіс Бейсембекұлы,
Ұйғыр ауданы Н.Исахметов атындағы
орта мектеп директоры,
аудандық мәслихат депутаты




