☀️
16°C
Қонаев
Сәрсенбі, Наурыз 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home БАҚ

    Руханияттың басты құралы

    31.01.2026
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Руханияттың басты құралы
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Ұлттық басылым күні толғанбайтын қазақ жоқ шығар?! Ойымызға түрлі тәмсілдер оралады. «Қазақ – жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы. Қуғыншы қандай болса, мал қайтпақшы», – деген екен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. «Алаштың азаматы, бірік, бүгінгі үйара уақ істі таста. Көш бастаған ақсақал аға, зиялы іні, жергілікті жұрт қызметін таза атқар! Жалпы жұртқа мұрындық бол!» – депті ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан. Осы ұлағаттың жалғасындай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Қазақстанның егемендігі, дербестігі, тәуелсіздігі – бәрінен қымбат. Бұл – ұлтымыздың алдында тұрған ең биік мақсат», – деген сөзі қоғамды дамытудың бүгінгі таңдағы идеологиялық бағдары іспетті. Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт» бастамасын алға тартты.

    Осы орайда бір өзекті мәселеге назар аударғым келеді. Баспасөз – билік пен халықтың ортасындағы алтын көпір. Сондықтан Президенттің әрбір сарабдал саясатын елге жеткізетін жедел шығарылымдағы басылымдардың жөні бөлек. Алайда оның жазылу бағасының шарықтауы оқырманды шарасыз күйге қалдыруда. Ақиқатына келсек, мерзімді басылым – өмір айнасы ғана емес, тасқа таңбаланған тарихымыз. Ұрпақтар легі сарғайған басылым беттерін парақтағанда – қазақтың өткенін, бүгінін, келешегін, болашаққа бет бұрған батыл қадамдарын саралай оқып, тағылым алады. Жақсыдан үйренеді, «әттеген-айды» қайталамау керектігін ұғады. Білімдарлар тәпсірлеген бабалар тарихына бойлайды. Бәрі маржандай тізіліп көз алдыңнан өтеді. Сөз қасиетін түсінесің, аталы ұғымдарды түйсінесің. Қилы кезеңде жұтылып кетпей осы күнге жеткеніңе, бағыңның бар екеніне шүкіршілік келтіресің. Осындай шүкіршілікті Алаш арыстарынан, ұлт алыптарынан қалған рухани мұраларды зерделеген сайын іштей де, сырттай да айтып, тәубе дейсің.
    Дамыған елдерден үйренетін бір ерекше үлгі бар. Ол – мерзімдік басылымға деген ілтипат. Шетелдегі қонақүйге түнесең, «оразаңды» табалдырықты «аттаған» мерзімді басылыммен ашасың. Ана бір жылы Қытай еліне барған сапарымызда ой бөліскен азаматтар техника мен технологияның жақсы екенін айтып, сауатты жазу ісін сөз етті. Оны мектептен жүйелі қолға алып, дәстүрлі оқу үрдісін жаңғыртып отырмаса, кейбір ұрпақ дайынның жетегіне еріп, тар шеңберде қалып қоятынын, ұлттық жазудан ажырап қалмау жайын тіле тиек етіп, оның бастауы кітапта, басылымдарда жатқанын алға тартып әңгіме айтып еді. Жапония еліндегі газет-журналдың миллиондаған таралымы тіптен ғажап, біз үшін аңыз! Осындай өнегені темірқазық етсек, тәжірибесін зерттеп, зердеге түйсек – ұтарымыз хақ.
    Қазіргі ахуалға көз салсақ, ауыл зиялысы атанған мұғалімдер мен дәрігерлердің көбі аудандық газеттен аспай қалды. Ондай жағдайда таным шеңбері қалай кеңейеді? Мұғалімдер өзінде бар оқулықпен, курстық жүйемен, сертификатпен ғана шектелуге тиіс емес. Несін жасырамыз, әдістемелік делінетін журналдардың көбі сын көтере бермейді. Қажет кезінде қаражатын төлесең, жазғаныңды жариялай салады. Дәстүрлі басылымдар аптасына бір рет ұстаздар бетін ұйымдастырып, олардың іс-тәжірибесін ұсынып, танымдық мақалаларын беріп отырса, оған ата-аналар да атсалысып жатса өте жақсы болар еді? Кезінде мұғалімдердің ұсынысымен «Егемен Қазақстан» газетінде «Ашық сабақ», «Тәлім» беттері жарық көрген. Білім ісі, тәрбие мәселесі, оқулық жайы, өзге де тақырыптар кеңінен қозғалатын. Соны сапалы жаңғыртудың сәті түсіп тұрғандай.
    Менің ұққаным, дәстүрлі басылым­дардың бәсін арттыратын кез келді. Бұл да мемлекеттік іс. Ортақ мақсат жолындағы жұмысқа құлшына кірісіп, келелі кеңес құрса, өркениетті елдердегі басылымдар тәжірибесін жерсіндірсе, әлі орнықпаған нарық сүрлеуін ысыра тұрып, айқын тұжырымға ден қойса, «Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол жұрттың өзі де күшті» (М. Дулатұлы) деген Алаш баласының сөзі шешімін табар еді.
    Тәуелсіз елміз деп басымызды көтергенде, ұлт баспасөзінің мәртебесіне мән беру – бәрімізге ортақ сын. Бұқараның сауаттануы – алға басудың кепілі. Шын білімдінің талғамы биік, ой-санасы кемел. Олар арзан даурықпаға айқай қоспайды. Төңірегін түгендеп жүреді, елдік ұғым зердесінен шықпайды. Тағы да қайталаймыз, баспасөзге қатыс­ты мәселені нарыққа біржақты тели салмай, оның жауапкершілігін иықпен көтеріп үлес қоссақ – ерлегеніміз. «Қолымды мезгілінен кеш сермеудің» (Абай) өкінішінен сақтанайық.
    Өткен ғасырдың басында өзге жұрттарда ондап, жүздеп газет-журнал болғанда, 1907 жылы «Бізде біреу де болмады» (А. Байтұрсынұлы). Бес жылдан кейін «Біз де құр қалғанымыз жоқ, «Айқап» журналы шықты» (А. Байтұрсынұлы). Ол «Қазақ» газетіне жалғасқаны белгілі. «Айқап» журналының басқарушысы М.Сералин: «Біздің қазақтың «Әй, қап» демейтұғын қай ісі бар?!» деп алып, жер мәселесінде, сайлауда, қала салуда «әй, қапқа» бой алдырғанымызды санамалай келіп, «…Қазақтың неше жерде «қап» деп қапы қалған істері көп. Қап дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң, журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды», – деп, «қаптан» құтылу арқылы оңалуға болатынын еске салады. Одан кейін қаншама арыстарымыз салған сара жолды басшылыққа алдық. Жүрісімізден жаңылмасақ, алтын арқауды үзіп алмасақ, «Әй, қап» бәре­келдіге жарасыммен жалғасады деп топшылаймыз.
    «Газет – идеология құралы, идеоло­гиясы жоқ елге газет қажет емес» деген сөздер көкейден кетер емес. Баспасөз үшін серпілсек, ол – ұлтқа жасаған басты да батыл қызметіміз болар еді.

    Сүлеймен Мәмет
    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

    Соңғы жаңалықтар

    Синтез традиций и цифры: Алматинская область масштабно отпраздновала Наурыз
    25.03.2026
    Наурыз тойының жаңа моделі: дәстүр мен технология синтезі
    25.03.2026
    Ұлттық ойындар – ұрпаққа рух, дәстүрге құрмет
    25.03.2026
    Президент «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлық шығарды
    24.03.2026
    Дешёвый бензин в Казахстане: преимущество или ущерб экономической эффективности
    24.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>