-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Түргендіктер заңсыз қоқыс полигонынан қашан арылады?

    21.07.2023
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Инфрақұрылым, Кәсіпкерлік, Құқық-заң, Өңір тынысы, Төтенше жағдай, Үкімет, Экология, Экономика
    Түргендіктер заңсыз қоқыс полигонынан қашан арылады?
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Күні кеше Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылының тұрғындары ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдап, елдімекендегі экологиялық мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етуін сұраған еді. Түргендегі түйткілді түсіну үшін жергілікті әкімдікке барып, мәселенің мән-жайын білген едік.

    Түргендіктердің өре түрегеліп, Мемлекет басшысына өтініш айтуына елдімекен іргесіндегі заңсыз қоқыс алаңы мен «ЦЕНТРАЛ АЗИЯ ФУ ДЖОУ МЕТАЛЛ» ЖШС-не қарасты кәсіпорынның ауыл экологиясына жасаған кері әсері себеп болыпты. Аумағы 10 гектарға жуық заңсыз қоқыс төгетін алаң ауылдық округтен 1 шақырым қашықта орналасқан. Округ әкімдігі үйінді тоқсаныншы жылдардың басында пайда болғанын айтады. Ол кезде ауданда заңды қоқыс полигоны болмапты. Түрген тұрғындары тұрмыстық қалдықтарды осында әкеп тастайды, ал жергілікті билік жолды қоқыс жауып қалмауы үшін аумақты аптасына бір рет тазалайды. Сонымен қоса, әкімдік қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірігіп, тұрақты рейдтер жүргізеді екен.

    – Бұл дау туғызған алаң тұрмыстық қатты заттарды тастайтын арнайы полигон немесе уақытша тұрмыстық қалдықты тастайтын орын ретінде заңдастырылмаған. Бірақ, осы жер телімі облыстық маңызы бар жолдың бойына орналасқандықтан ары-бері өтіп жатқан жүк көліктері Алматы қаласының қоқыстарын осы маңға төгіп жүр. Сонымен қоса, ақылы қызметке жүгінгісі келмеген ауыл тұрғындары мен жақын елдімекендегілер де қоқыстарын осы маңға әкеліп тастайды. Бұл, шынымен, бізге қиындық тудырып отыр. Қазір осы қиындықты шешудің түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз, – дейді Түрген ауылдық округі әкімінің орынбасары Мәди Бейсембаев.

    Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, биыл қоқыс алаңын ретке келтіру үшін бюджеттен 7,2 млн теңге қарастырылыпты. Сөйтіп, мердігер мекеме «АРСЛТД» ЖШС жобалық-сметалық құжаттар әзірлей бастаған. Алайда облыстық экология департаментінің талаптарына сай қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орын санитарлық қорғау аймағына жақын орналасқандықтан, қазірге құжат әзірлеу жұмысы уақытша тоқтаған көрінеді. Кейінгі уақытта заңсыз қоқыс алаңында өрт жиілей түскен. Айталық, 17 шілдеде аталған қоқыс алаңында өрт шыққаны туралы төтенше жағдайлар қызметіне хабарлама түсе салысымен, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 3 қызметкері мен бір техникасы оқиға орнына барып, өртті тоқтатқан. Төтеншеліктер күн ысығанда ондағы әйнектердің оптикалық әсерінен күнге шағылысып, от тұтанған болуы мүмкін екенін айтады. Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі де бұл мәселенің өте өзекті екенін жасырмады. Қазір осы түйткілді оңтайлы шешудің мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.

    – Бүгінде бұл заңсыз қоқыс алаңын заңдастыру жағы жиі айтылып жүр. Бірақ қоқыс алаңын түбегейлі жою қажет. Өйткені, Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылы 24 мамыр күні бекіткен № 137 «Елдімекендер аумағын ұстаудың санитарлық-эпидемиялық талаптары» деген құқықтық-нормативтік құжатын басшылыққа алсақ, қоқыс алаңдарының шекаралық аймағы елдімекеннен кемінде 4-5 км алыста орналасуы керек. Түргендегі қоқыс алаңы ауылға тым жақын орналасқан. Шын мәнінде заңсыз қоқыс алаңы аталған ауылдың экологиясы мен ондағы тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуде. Осы мәселе бойынша облыстық жер ресурстарын басқару басқармасына жерді мақсатсыз пайдалануға тиісті шаралар қолдану туралы хат жолданды. Қазір аудан әкімдігі аталған қоқыс алаңында өрт тұтануының алдын алуға күш салуда, – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Бейбіт Ысқақов.

    Түргендіктерді толғандырған екінші мәселе – арматура шығаратын зауытты елдімекен аумағынан көшіру болатын. Кәсіпорын 2016 жылдан бері жергілікті кәсіпкерге тиесілі жер телімінде өз өндірісін жүргізіп келеді. Ауыл тұрғындары зауыттан шығатын ыс-түтін және шуылдан мез болғанын айтады. Түрген ауылдық округі әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, кейінгі жылдардан бері өндіріс орнында санитарлық талаптар сақталмағандықтан құзырлы органдар сан мәрте шара қолданып, айыппұл салған. Қазір жөндеу жұмыстарына байланысты кәсіпорын өндірісі тоқтатылған.

    – Арматура шығаратын зауыт жұмысына байланысты тұрғындар шағымы ескерусіз қалған емес. Алда аталған кәсіпорын Шелек өңіріндегі жаңа инновациялық аймаққа көшіріледі. Қазір «ЦЕНТРАЛ АЗИЯ ФУ ДЖОУ МЕТАЛЛ» ЖШС мен облыс әкімдігі арасында жаңа келісімдер жасалып жатыр, – дейді ауылдық округі әкімінің орынбасары Мәди Бейсембаев.

    Жергілікті әкімдік аталған мәселелерді оңтайлы шешудің жолын қарастырып жатқанын айтады. Алайда, көктемде барлық қоқысты жинағанымен, жазда қайтадан екі есе көп қоқыс тасталады. Сондықтан, азаматтардың экологиялық мәдениетін көтеруге де мән берген жөн секілді. Қоқыстың шектен тыс ұлғаюы – алаңдатарлық ахуал. Әрине, тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеп, игілікке жарату жобалары жасалып жатқанын жоққа шығармаймыз. Дегенмен, олардың саны саусақпен санарлықтай ғана.

    Ерзат Асыл,
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    «Реквием» музыка тілінде

    «Реквием» музыка тілінде

    3 months ago
    Бұл шара – бұрынғылардан өзгерек

    Exit poll: дауыс бергендердің 69,8 пайызы АЭС салуды қолдаған

    7 months ago
    Ат үстіндегі сайыс

    Ат үстіндегі сайыс

    8 months ago
    ІІМ: Алматы облысы жол апаты ең көп адам құрбан болатын өңірлер қатарында

    ІІМ: Алматы облысында жол апаты жиі болады

    2 years ago
    Қазақстанның Ақпараттық доктринасы бекітілді

    Қазақстанның Ақпараттық доктринасы бекітілді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.