Алматы облысы әкімінің өкімімен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып Әнуар Үмбетәлиев тағайындалды.
Әнуар Мұхтарханұлы 1985 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2007 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген. Ал 2017-2019 жылдар аралығында «Қайнар» академиясында «Экономика» мамандығы бойынша білім алған. 2017-2022 жылдары «Алматы қаласының музейлер бірлестігі» КМҚК директорының орынбасары, кейін директоры қызметтерін атқарған. 2022-2023 жылдары Алматы облысының музейлер бірлестігін басқарды. Соңғы үш жылда Алматы облыстық «Халық шығармашылығы» орталығын басқарып, өңірдің мәдени әлеуетін дамытуға және шығармашылық бастамаларды қолдауға бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асырды.




