⛅
-3°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Баспана бақыты

    07.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Баспана бақыты
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында тұрғын үй кезегінде тұрған 60 азаматқа жаңа пәтер кілті табысталды. Баспаналар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген ипотекалық несиеге берілді.

    Аталған жоба тұрғын үй қол­жетімділігін арттыру, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік қолдауды қажет ететін топтарға көмек көрсетуді көздейді.
    Пәтер алушылардың қатарында Іле ауданынан бөлек Талғар, Еңбекшіқазақ, Кеген, Жамбыл, Ұйғыр, Қарасай аудандары мен Қонаев, Алатау қала­ларының да тұрғындары бар.
    – Тұрғындарды баспанамен қамту – мемлекеттік саясаттың басым бағыт­тарының бірі. Іле ауданы бойынша тұрғын үй кезегіне 5443 адам тіркелген. Оның ішінде көпбалалы отбасылар – 1878, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары – 1993, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар – 807, бюджеттік қызметкерлер 765 азаматты құрайды.  2025 жылы әлеуметтік осал топтағы жандарды баспанамен қамту үшін 269 үй мен пәтер сатып алынды. Биыл Өтеген батыр ауылында 72 пәтерді аталған  тұжырымдама аясында беру  және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 36 пәтер сатып алу жоспарда бар, – деді Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов.
    Жаңа пәтерге ие болған Сәрсенгүл Назарбаева: «Үй кезегіне көпбалалы ана ретінде тіркелдім. Он бес жыл бойы сабырмен күтіп, өз баспанама қол жеткіздім. «Отбасы банк» арқылы 5 пайызбен 14 жылға несиеге алдық. Айына 130 мың, ал кейін 123 мыңнан төлейтін боламыз. Төрт қыз, бір ұлым болғандықтан үш бөлмелі пәтер бұйырды. Сапасы көңілімізден шықты.
    Көмегін аямай, қамқорлық көрсет­кен әкімдікке алғысым шексіз, – деген лебізін білдірді.
    Жалпы Іле ауданы бойынша «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалы ұсынған тұрғын үй сатып алушылар тізімінде 80 адам бар. Олардың 60-ы төлем жасау мүмкіндігі тексеріліп, расталған соң пәтер кілтіне қол жеткізді. Ал қалған 20 адамның құжаты мен төлем қабілеті әлі толық расталған жоқ. Қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін ғана несие рәсімделеді. Демек, төлем қабілеті расталса, жақын күндері тағы 20 адам баспаналы болады.
    Баспана иелерін анықтауда әлеу­меттік осал топ санатындағы азамат­тарға ерекше назар аударылған. Пәтер алушылар қатарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған –15, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйым қызметкерлері – 20, көпбалалы отбасылар –14, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 31 адам бар. Аталған санатқа I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, жасына байланысты зейнеткерлер, қандастар, ардагерлер және жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілген азаматтар кіреді.
    Аталмыш жобаны жүзеге асыру тұрғын үй қолжетімділігін арттыруға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және әлеуметтік қолдауды аса қажет ететін жандарға қолдау көрсетуге бағытталған. Өңірде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысы алдағы уақытта да жоспарлы түрде жалғасатын болады.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    8 млрд. теңге инвестиция, Қытайға экспорт: Қонаевта жаңа зауыт салынуда

    8 млрд. теңге инвестиция, Қытайға экспорт: Қонаевта жаңа зауыт салынуда

    9 months ago
    Дайын құжатты ХҚКО-дан үйге жеткізуге болады

    Дайын құжатты ХҚКО-дан үйге жеткізуге болады

    2 years ago
    Жайылымды жайлаған қара құрт

    Жайылымды жайлаған қара құрт

    2 years ago
    Ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңінің аяқталуына санаулы күн қалды.

    Ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңінің аяқталуына санаулы күн қалды.

    5 months ago
    Жағажайға жан кіреді

    Жағажайға жан кіреді

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>