⛅
-3°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа Конституция ақиқатты айна-қатесіз жеткізіп, сындарлы сұхбат мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді – белгілі журналист

    07.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Жаңа Конституция ақиқатты айна-қатесіз жеткізіп, сындарлы сұхбат мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді – белгілі журналист
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Qazaqstan ұлттық арнасының тележүргізушісі, Конституциялық комиссия мүшесі Ерқанат Көпжасарұлы жаңа Конституция жобасындағы сөз еркіндігі туралы баптардың маңызы жөнінде пікір білдірді.

    Комиссия мүшесі Ата заң жобасындағы сөз бостандығы мен ғылыми-техникалық, көркем шығармашылық еркіндігіне қатысты баптарға тоқталды.

    «Еркін ойсыз ел көсегесі көгермейді, ашық пікір алмасусыз алға баспайды. Жаңа жобада сөз бостандығын шектеуге қатысты норма жоқ. Басты мақсат – жауапкершілік жүгін күшейту, арандатушылық әрекеттердің алдын алу. Сондай-ақ, жобада ақпаратты еркін алу мен тарату құқығының айқын бекітілуі – өркениетке ұмтылған жұртқа лайық батыл қадам» – деді журналист Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысында.

    Оның айтуынша, ақпаратқа қол жеткізу құқығының нақты тетіктермен бекітілуі баспасөздің демін ашып, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырады.

    «Ең маңыздысы, еркіндік пен жауапкершіліктің бір арнаға тоғысуы. Адамның ар-намысы мен абыройын биік қою, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – еркіндікті желбуаздыққа айналдырмаудың, оны ел мүддесіне қызмет еткізудің парасатты қадамы. Мұндағы еркіндік – жүгенсіздік емес, мемлекеттік санаға негізделген жауапкершілік. Осы заңнамалық ұстаным пікір алуандығының тынысын ашып, салауатты сынның өрісін кеңейтеді. Ел бірлігіне сызат түсіретін жөнсіздікке тосқауыл қояды» – деп толықтырды Ерқанат Көпжасарұлы.

    Сөз соңында ол ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер журналистиканың басты миссиясын – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір болуды, ақиқатты айна-қатесіз жеткізуді, сындарлы сұхбат мәдениетін қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

    Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

    2 years ago
    АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау кейінге ысырылды

    АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау кейінге ысырылды

    3 years ago
    Өзіңнен баста!

    Өзіңнен баста!

    1 week ago
    Қорым маңы қоқысқа толы

    Қорым маңы қоқысқа толы

    1 year ago
    Қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

    Қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>