⛅
-0°C
Қонаев
Сейсенбі, Ақпан 10, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мұрат Әбенов жаңа Конституция жобасы төңірегіндегі бірқатар қауесетті жоққа шығарды

    09.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Мұрат Әбенов жаңа Конституция жобасы төңірегіндегі бірқатар қауесетті жоққа шығарды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасына жасанды әрекетсіздіктен, ұзаққа созылған институционалдық дағдарыс сценарийлерінен қорғаудың пәрменді құқықтық тетіктері енгізілген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

    Атап айтқанда, 46-шы және 62-баптардың бастапқы редакциясы негізгі тағайындауларды қайта келісуден бас тартқан кезде Құрылтайдың таратылуын көздеді, бұл «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сәйкес келмейді.

    «Қоғамда, әсіресе, әлеуметтік желілерде және сарапшылар ортасында Құрылтайды таратудың негіздері қызу талқыланды. Сондықтан «AMANAT» партиясының фракциясы 46-шы және 62-баптың «Президент таратады» деген тұжырымдамасын «Президент таратуға құқылы» деп өзгертуді ұсынады. Осының нәтижесінде Құрылтайды жасанды түрде тарату және саяси дағдарыс мүмкіндігі жойылады. Ұсынылған нақтылау – бұл жүйені іштен шайқалтудан, оны жасанды түрде жасалған келіспеушілік арқылы істен шығарудан және елді ұзаққа созылған институционалдық дағдарысқа тартуға тырысудан сақтандырудың бір түрі. Бұл өзгерістер реформалар логикасына және Әділетті Қазақстан моделіне сәйкес келеді. Сондай-ақ Комиссия мүшелеріне 62-баптың екінші тармағына «Президент ұсынған кандидатураны тағайындаудың» орнына «Президент ұсынған әрбір кандидатураны тағайындау» деген нақтылау енгізуді ұсынғым келеді. Бұл осы баптағы әркелкіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті комиссия мүшесі.

    Мұрат Әбенов өз сөзінде Вице-Президент институтын енгізу логикасына түсініктеме берді.

    «Біз әлемдік қоғамдастыққа жақсы таныс Vice-President түсінікті және мойындалған халықаралық моделін саналы түрде таңдаймыз. Бұл Қазақстанның танымалдығы мен саяси салмағын арттырады және біздің билік жүйемізді сыртқы серіктестер үшін барынша түсінікті етеді», – деп түсіндірді ол конституциялық новелланы.

    Сонымен қатар, Мәжіліс депутатының айтуынша, Ата заң жобасының новеллаларын дұрыс түсінбеу реформаларды мәнін бұрмалауға әкеп соғады. Сондықтан бүгін бәрін шешіп алуымыз қажет.

    «Бүгінде қоғамда cancel culture, яғни, «жою мәдениеті» құбылысы күшейіп жатыр. Біз әртүрлі елдерде қоғамдық пікірталастың шектен шығып кететінін байқаймыз: адамды сөзбен сендірмей, «жою қажет» деп таңбалайды. Конституция жобасында бұған қатысты нақты құндылық жүйесі белгіленген: адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайды және заңмен қорғалады. Бұл сынға тыйым салу туралы емес. Біздің жолымыз – айқын пікірталас және жауапкершілік», – деп атап көрсетті ол.

    Сонымен қатар депутат қоғамда да көптеген мәселелер туғызған Ата заң жобасының 5-бабының 6-тармағына назар аударды.

    «Желіде бұл норма «мемлекет ішіндегі мемлекет» құрып отыр екен деген тезис белсенді түрде таралуда. Бұл шындыққа жанаспайды. Қазақстан бірыңғай құқықтық кеңістігі бар біртұтас мемлекет болып қала береді. Алатау – бұл автономия да, ерекше аумақ та емес. Бұл біздің қазақстандық қала. Онда жаңа жұмыс орындарын құру, инвестициялар тарту үшін бизнеске жеделдетілген рәсімдер қарастырылған белгілі бір қаржылық дербестік қарастырылуда», – деп түйіндеді Әбенов.

    Ұсынымдар

    Өңірде – оң өзгеріс

    Өңірде – оң өзгеріс

    3 months ago
    Скам-алаяқтық деген не және одан қалай қорғануға болады?

    Скам-алаяқтық деген не және одан қалай қорғануға болады?

    2 years ago
    Даму үшін жаңару қажет

    Ашық әрі шынайы талқылау

    2 weeks ago
    «СҰХБАТ-ТЕЛЕФОН»

    «СҰХБАТ-ТЕЛЕФОН»

    4 months ago
    Ұлттық мереке ұлықталды

    Ұлттық мереке ұлықталды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>