⛅
21°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын пысықтауды аяқтады

    11.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын пысықтауды аяқтады
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Конституциялық Соттың Төрайымы – Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төрайымы Эльвира Әзімова Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша жүргізілген жұмыстың алдын ала қорытындысын шығарды. Комиссия мүшелері мен азаматтардың пікірлерін ескере отырып, ол Ата Заңды республикалық референдумға шығаруды ұсынды. Бұл жөнінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түпкілікті шешім қабылдайды.

    Сөз басында Эльвира Әзімова азаматтық және заң қауымдастықтарының өкілдері, ғалымдар, құқықтанушылар, лингвистер, қоғамдық ұйымдардың мүшелеріне және Ата Заңның тағдырына бей-жай қарамай, өз ұсыныстарын білдірген мыңдаған азаматқа алғыс білдірді.

    «Біз әрбір уәжді жан-жақты саралап, халықаралық тәжірибе мен ұлттық мүддені өзара сабақтастыра отырып, салмақты шешімдер қабылдауға ұмтылдық», – деді ол.

    Конституциялық комиссияның миссиясы басынан бастап айқын болғанын, ол – азаматтардың көпшілігінің еркін көрсететін, құқықтар мен міндеттердің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін, мемлекеттілікті нығайтып, адам құқықтарының кепілдіктерін қорғауға бағытталған үйлесімді, салмақты Ата Заң моделін әзірлеу екенін атап өтті Эльвира Әзімова.

    «Сіздермен бірнеше отырыс барысында талқыланған мәтін түбегейлі жетілдіріліп, түскен ұсыныстар ескерілді. Азаматтар, заңгерлік және азаматтық қауымдастықтар, сараптамалық алаңдардан түскен бастамалардың басым бөлігі жан-жақты талданды. Көптеген баптар тікелей жобада көрініс тапса, басқалары мәтіндік нұсқада және концептуалдық шешімдерге әсер етті», – деді комиссия төрайымы.

    Мысалы, ҚР жаңа Конституциясының жобасына адвокаттың мәртебесі, меншік құқығының кепілдіктері, мемлекет келтірген зиянды өтеу құқығы, экологиялық қауіпсіздік, азаматтық мәселелері туралы нормалар және т.б. енгізілді.

    Қазақша мәтіннің сапасына ерекше назар аударылды – терминология жаңартылды және қазіргі заманға бейімделді. Сонымен қатар өтпелі ережелер туралы ұсыныстар ескерілді.

    Эльвира Әзімованың айтуынша, Еуразия кеңістіъгінде алғаш рет мұндай жұмыс толық ашық режімде жүргізілді.

    «Барлық отырыстар онлайн режімде трансляцияланды. Мұны қоғамды Конституциялық үдеріске тартудың жаңа моделі деп қабылдауға болады», – деп атап өтті ол.

    Комиссия төрайымы Конституция нормативтік құқықтық актілердің бүкіл жүйесі үшін бағыт беретін бағдар екенін еске салды: ол бағыт-бағдарды анықтайды, базалық қағидаттарды, адам мен азаматтың басты құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттілік және ұлттық мүдделердің негіздерін бекітеді.

    «Конституцияны шамадан тыс жүктеуге келмейді. Қалған мәселелерді Парламент пен мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен құқықтық актілер арқылы реттеу көзделген. Көптеген идеялар алдағы заң шығару жұмысының негізіне айналып, конституциялық баптарды нығайтып, әрі қарай дамытуға ықпал етеді», – деп атап өтті Эльвира Әзімова.

    Оның айтуынша, Комиссия мүшелерінің басым көпшілігі жаңа Конституцияның жобасын республикалық референдумға шығаруды қолдады.

    «Осыған байланысты, комиссия мүшелерінің және азаматтардың көпшілігінің пікірін ескере отырып, Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның пысықталған жобасын республикалық референдумға шығаруды ұсыну қажет деп санаймын», – деді Комиссия төрайымы.

    Эльвира Әзімова республикалық референдумды өткізу әрбір азаматқа өзінің конституциялық құқығын іске асырып, Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы бойынша пікір білдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

    «Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Конституциялық комиссияның миссиясы өз мәресіне жеткен боп саналады. Жаңа Ата Заң әділеттілік, тұрақтылық және қоғамдық сенімнің берік негізіне айналуы тиіс. Ол мемлекеттілікті нығайтып, әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, еліміздің дамуының сенімді бағытын айқындайды», – деп қорытындылады Конституциялық комиссияның төрайымы.

    Соңғы жаңалықтар

    Келісім – тұрақтылықтың басты шарты
    27.04.2026
    Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    Балалардың жазғы демалысы: лагерь таңдаудағы маңызды қағидалар
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>