⛅
21°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматыда «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы мүшелері ғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесті

    Кездесу барысында коалиция өкілдері ғалымдармен жаңа Конституция жобасын талқылап, оларды болашақ Қазақстанның құқықтық негізін қалыптастыруға белсенді үлес қосуға шақырды

    13.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Алматыда «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы мүшелері ғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесті
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Бүгін Алматы қаласында Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаеваның жетекшілігімен аталған коалиция мүшелері мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің кездесуі өтті.

    Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы президенті Акылбек Күрішбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректоры Жансейіт Түймебаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректоры Тлеп Болат, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Вячеслав Локшин қатысты.

    Кездесу барысында Аида Балаева елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның маңызына кеңінен тоқталып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен өзгерістер әділетті, тұрақты әрі тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Ауқымды реформалар топтамасының маңызды бағыттарының бірі – бір палаталы Парламентке көшу болып отыр.

    Коалиция мүшесі ретінде Аида Балаева мемлекет мәдени әралуандықты сақтау мен дамытуға, ғылыми зерттеулерді қолдауға және білімге негізделген дамуға стратегиялық басымдық беріп отырғанын айтты.

    «Бұл нормалар ұлттық мәдениетті сақтап, оны жаңғыртуға, прогрессивті ұлт қалыптастыруға, сондай-ақ ғылым мен инновацияның дамуына берік құқықтық негіз болады деп сенемін», – деді ол.

    Сонымен қатар кездесуде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, жас ғалым, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылым департаментінің директоры Қуаныш Тастамбек және басқа да қатысушылар сөз сөйлеп, Конституция жобасының негізгі ережелері жөнінде өз пікірлерін білдірді. Олар ғылыми қауымдастықты еліміздің болашақ құқықтық негізін қалыптастыруға белсенді атсалысуға шақырды.

    – Өздеріңіз білесіздер, жуырда Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасын ұсынды. Бұл құжат бір ғана адамның емес, мол тәжірибесі бар 130 сарапшының ұзақ әрі мұқият жұмысының, сондай-ақ кең қоғамдық талқылаудың нәтижесі болып табылады. Комиссияға келіп түскен 10 мыңнан астам ұсыныс – осы жұмыстың нақты дәлелі, – деп атап өтті Тлеп Болат.

    Айта кетейік, жаңа Конституция жобасы Мемлекет басшысына ұсынылды және ол 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум арқылы халықпен бірлесіп қабылданатын болады.

    Соңғы жаңалықтар

    Келісім – тұрақтылықтың басты шарты
    27.04.2026
    Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    Балалардың жазғы демалысы: лагерь таңдаудағы маңызды қағидалар
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>