⛅
22°C
Қонаев
Жексенбі, Сәуір 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Мен – донормын!

    17.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Мен – донормын!
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Мемлекет басшысының ерікті және өтеусіз донорлықты дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі биылғы ақпан айын қан донорлығы айы деп жариялады. Осы акция шеңберінде Қаскелең қаласында орналасқан облыстық қан орталығының жұмысымен таныстық.

    Орталық директоры Азамат Заировтың айтуынша, мұнда күн сайын орта есеппен жүзге жуық адам қан тапсыруға келеді. Алайда әрбір адам донор бола алмайды. Ең алдымен, жас шектеуі 18-ден 60 жасқа дейін деп белгіленген. Сонымен қатар донорда созылмалы аурулар болмауы тиіс. Бұдан бөлек, қан тапсырар алдында майлы және қуырылған тағам мен дәрі-дәрмек қолдануға болмайды, екі тәулік бұрын алкогольден бас тарту қажет.
    Алдымен донор тіркеу бөліміне жүгініп, тиісті сауалнаманы толтырады. Кейін терапевтің алғашқы тексеруінен өтеді, сынамалар бастапқы зертханаға жіберіліп, қан талдауы жасалады. Барлық көрсеткіштер сәйкес келген жағдайда ғана донор қан тапсыру залына жіберіледі. Донордан алынған қан жұқпалы ауруларға тексеріледі. Қанның құюға жарамды екені анықталғаннан кейін ғана ол медициналық мекемелерге жөнелтіледі.
    Біз кейбір донорлармен де тілдесіп үлгердік. Мәселен, Қанат Ерғалиев – тәжірибелі донор болса, Исламжан Амреджанов бұл орталыққа алғаш рет келуі екен. Оның айтуынша, қан тапсыру мүлде қорқынышты емес, керісінше пайдалы әрі қайырымды іс.
    Айта кетейік, 2025 жылдың қорытын­дысы бойынша қан орталығы облыстағы 16 медициналық мекемені 21 мың доза қан және оның компоненттерімен қамтамасыз еткен. Донорлықты дамыту бойынша тиісті Жол картасы жүзеге асырылуда. Соған сәйкес қан алу жұмыстары көшпелі түрде де ұйымдастырылады, оның ішінде Алматы облысының әскери бөлімдерімен, SDU University және басқа да мекемелермен бірлесіп өткізіледі.
    Ерікті қан донорлығы – жоғары азаматтық жауапкершіліктің көрінісі екенін еске салғымыз келеді. Бір донордың үш адамның өмірін құтқара алатынын ескерсек, Қарасай ауданының тұрғындарын қан донорлығы айлығына белсенді қатысуға, сондай-ақ ерікті және өтеусіз донорлықты дамытуға атсалысуға шақырамыз!

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Бүгін – геологтар күні
    05.04.2026
    600 доп, күш шоуы және болашақ чемпиондар: Қонаевта тарихи дода басталды
    04.04.2026
    Қонаевта 700 түп ағаш отырғызылды
    04.04.2026
    Аналар қуанышы ортаймасын!
    04.04.2026
    Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті
    04.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>