⛅
9°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында театр саңлақтары шеберлік сағатын өткізді

    26.07.2023
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Алматы облысында театр саңлақтары шеберлік сағатын өткізді
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Қарадала төсінде 10 халық театрының басын қосқан «Заманауи Қазақстандағы ұлт руханияты» атты облыстық семинар өтті.

    Игі шарада ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Фархат Молдағали, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің ұстазы, сахна сайысының, пантомима өнерінің ұстазы Ернар Тіленшиев, театр және кино гримінің маманы Аида Шайзада, ҚР Мәдениет қайраткерлері – Мұхаметжан Мырзакеев, Әділхан Қабышевтар шеберлік сағатын өткізді.

    Семинарда Тұңғышбай Жаманқұлов Алматы облысының әр ауданынан жиналған сахна тарландарына алғысын жеткізді.

    – Халық театрлары ешкімнің қолдауынсыз, ақырындап өздері бас көтере бастады. Бұрынғы жабылғандары қайта ашылды. Сол бірқатар театрлардың басында менің шәкіртім Асқар Наймантаев жүрді. Біз енді, міне, сол театрларға көмектесуіміз керек. Оларға штаттар бөліп, сахналық костюмдер мен декорацияларының жаңаруына күш салуға тиіспіз. Осы жұмыстарға мемлекет тарапынан көңіл бөлінсе, – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

    Семинарда халық театрының өнерпаздары кәсіби мамандардың ақыл-кеңесін тыңдады. Қазақстан Республикасының халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов пен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Фархат Молдағали аудандық театрлардың жетекшілері мен режиссерлерін бөліп алып, сан сұраққа жауап беріп, театрлардың репертуар саясатын, пъесамен жұмыс істеу тәсілдерін үйретті.

    Сахна сайысы маманы Ернар Бейсенбек қолма-қол төбелестен бастап, қару-жарақ құралдарын қолдану, техникалық қауіпсіздік ережелерін, әйгілі Джеки Чанның «сайыс хореографиясы» дегені не екенін халық театрының актерларына түсіндірді. Ал гримдеудің кәсіби маманы Аида Шайзада болса театр, кино әртістеріне гримді қалай қолданудың құпияларымен бөлісті.

    Бір күнге созылған семинардың қорытындысында қонақтар мен театр ұжымдары марапатталды. Аталмыш шараны ұйымдастырушы белгілі режиссер, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Наймантаев Алматы облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығына алғысын білдіріп, өнермен өмірін мәнді етіп отырған әр жанға ризашылығын жеткізді.

    Анар Дүйсенбайқызы,
    Ұйғыр ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
    16.03.2026
    ТүркПА байқаушылары: референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заң бұзушылықтар анықталған жоқ
    16.03.2026
    Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті
    16.03.2026
    Exit poll: Дауыс бергендердің 86,7 пайызы жаңа Конституцияны қолдады
    16.03.2026
    Алматы облысында референдум қалай өтті?
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>