❄️
-9°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа техника табысталды

    19.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңа техника табысталды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында орманшыларға жалпы саны 19 бірлік жаңа техника мен заманауи дрондар тапсырылды.

    Қонаев қаласында өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы қатысып, орман шаруа­шылығы жұмыстарының маңызды­лығын атап өтіп, оларға жергілікті билік тарапынан көрсетілетін қолдаулар жалғасатынын жеткізді.
    – Облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жаңа техника­ларды табыстау шарасы – орман шаруашылы­ғының материалдық-техникалық база­сын нығайту жолындағы маңызды қадам. Соңғы бес жыл ішінде облы­сымызда орын алған орман өрттерінің жалпы аумағы 14 пайызға төмендеді. Бұл – алдын алу шараларының күшеюі, техникалық жаңғырту және жедел әрекет ету тетіктерінің тиімді ұйымдастырылуының нәтижесі. Бүгінде орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық қамтылу деңгейі 86 пайызды құрайды. Жаңа техникалардың қосылуымен бұл көрсеткіш 90 пайыздан асып, саланың әлеуеті одан әрі нығаюда. Шағын өрт сөндіру кешендері өрт ошақтарына жедел жетіп, бастапқы кезеңде тілсіз жауды ауыздықтауға мүмкіндік береді. Ал тракторлар минералды жолақтар жүргізу, өрттің таралуына тосқауыл қою жұмыстарында тиімді қолданылады, – деді Бақытнұр Бақытұлы.
    Шара барысында орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің жұмысы көрсетілді. Бұл жүйе қазіргі уақытта Бақанас, Қарадала және Шелек орман шаруашылықтарында іске қосылған. «Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп келеді. Соңғы жыл­дары бізде үлкен орман өрті болған жоқ. Қазір біз енгізіп отырған ерте анықтау жүйесі – тұман мен түтінді ажырата алады. Сонымен қоса облыста 20 шақырымға дейін радиуста жұмыс істейтін 18 камера орнатылған. Бүгінгі таңда заманауи технолгияларды орман өртінің алдын алуға белесене қолданып отырмыз», – дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Нүсіпбаев.
    Сала мамандарының айтуынша, заманауи дрондар орман алқаптарын бақылауды жеңілдетіп, өрт қаупін болдырмауға және заңсыз ағаш кесушілерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Айта кетер болсақ, орман шаруашылығы қызметкерлеріне табысталған АТМ тракторлары мен «JAC» маркалы шағын өрт сөндіру кешендері облыстық «Өнеркәсіпті дамыту» қоры ұсынған лизингтік бағдарлама шеңберінде сатып алынған.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Бақыт деген – балалардың күлкісі

    Бақыт деген – балалардың күлкісі

    9 months ago
    Қарағаш тұқымы себілді

    Қарағаш тұқымы себілді

    9 months ago
    Қызу тартыс пен өршіл рух

    Қызу тартыс пен өршіл рух

    3 months ago
    Жаңалықта «жерленген» тарих

    Жаңалықта «жерленген» тарих

    9 months ago
    Мультфильм әлемінде

    Мультфильм әлемінде

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>